2022 жылы 8 қарашаcында Сарысу аудандық медициналық ұйымдардағы АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Калметова Г.А. ұйым қызметкерлерін АИТВ -инфекциясы бойынша нормативтік-құқықтық актілері кесіндісінде бекітілген халықты тестілеудің өзектілігі туралы ақпарат берді. Жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін АИТВ-ға тексеруге, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша тестілеу мәселелеріне басты назар аударды. Кітапшалар мен буклеттер таратылды. Шараға 30-дан астам адам қатысты.