
Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева №40 гимназиясының ұжымына арналған ақпараттық алдын алу іс-шара өткізді.
Іс-шара аясында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде кең көлемде ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және оның адам денсаулығына тигізетін әсері жан-жақты түсіндірілді.
Бұдан бөлек, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), сондай-ақ В және С вирусты гепатиттерінің алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Іс-шара шеңберінде ЖИТС орталығының мамандары мектептің медициналық кабинетінде ИФТ әдісі арқылы тегін скринингтік тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Скрининг ерікті түрде, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, толық құпиялылық сақтала отырып жүргізілді.
Қызметкерлерді жұмыстан қол үздірмей ұйымдастырылған бұл шара ұжымның басым бөлігін қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, күнделікті қарбалас өмірде азаматтардың АИТВ-ға тестілеуден уақтылы өтуіне әрдайым мүмкіндік бола бермейтіні ескерілді.