Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№43 орта мектепте профилактикалық іс-шара өтті

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері Н. Бердіш №43 орта мектеп ұжымына арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және оның адам денсаулығына әсері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), В және С вирусты гепатиттерінің алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық материалдар таратылды.
Іс-шара аясында ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері мектептің медициналық кабинетінде ИФТ әдісі арқылы тегін скринингтік тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Скрининг ерікті түрде, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, толық құпиялылық сақтала отырып жүргізілді.
Қызметкерлерді жұмыстан қол үздірмей ұйымдастырылған бұл шара ұжымның басым бөлігін қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, күнделікті қарбалас өмір жағдайында азаматтардың АИТВ-ға уақтылы тестілеуден өтуінің маңыздылығы атап өтілді.