Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№56 орта мектебінде АИТВ алдын алу бойынша іс-шарасы ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері А.Иргебаева №56 орта мектебінің ұжымына арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және оның адам денсаулығына әсері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), В және С вирусты гепатиттерінің алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық материалдар таратылды.
Іс-шара аясында ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері мектептің медициналық кабинетінде ИФТ әдісі арқылы тегін скринингтік тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Скрининг ерікті түрде, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, толық құпиялылық сақтала отырып жүргізілді.