Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында 12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында орталық басшысы Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы сөз сөйлеп, ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Ол мейіргерлердің қоғамдағы маңызды рөліне тоқталып, олардың денсаулық сақтау саласына қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ мерекелік жиында орталықтың бас медбикесі Сатмаханова Ләйлә Ораковна құттықтау сөз сөйлеп, мейіргерлерге шығармашылық табыс, мықты денсаулық және еңбекте табыс тіледі.
Кеш барысында бірқатар мейіргерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар, сондай-ақ “Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі” қоғамдық бірлестігі тағайындаған “Шарапат” төсбелгісімен марапатталды.