Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

2026 жылғы 25 ақпан күні Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы мәжіліс залында «Жамбыл облысындағы 2025 жылдың 12 айындағы жүкті әйелдер мен жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру және АИТВ-инфекциясының анадан балаға вертикальді жолмен берілуінің алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңестің мақсаты – өңірде АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуін болдырмау, жүкті әйелдер мен олардың серіктестерін тестілеумен қамту деңгейін арттыру және медициналық ұйымдардағы есептілік пен профилактикалық жұмыстың сапасын жетілдіру.
Іс-шараға Тараз қаласы мен аудандық емдеу-алдын алу мекемелері басшыларының орынбасарлары, әйелдер консультацияларының меңгерушілері, ЖТД (ВОП) меңгерушілері, АИТВ-инфекциясына жауапты БМСК ұйымдары мен перзентхана бөлімдерінің медициналық қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесті АИТВ-инфекциясының профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Г.Ахметова ашып, Жамбыл облысы бойынша 2025 жылдың 12 айындағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады. Сондай-ақ аудандық бөліністе халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту көрсеткіштеріне тоқталып, орталыққа ұсынылатын айлық есептердің сапалы әрі уақытылы тапсырылуының маңыздылығын атап өтті.
Емдеу-алдын алу бөлімінің дәрігер-инфекционисті Г. Темірбекова ҚР ДСМ-нің 17.03.2023 жылғы №180 Клиникалық хаттамасына сәйкес АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу шараларын түсіндіріп өтті.
АИТВ-инфекциясының профилактикалық жұмыс бөлімінің эпидемиолог дәрігері Д. Абдраманова 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жүкті әйелдерді 109.1, 109.2 және 109.3 кодтары бойынша тексеру көрсеткіштері және жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі кәсіби жауаптар берілді.
Семинар соңында орталықтың мейірбикесі В. Мартынова АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеу жүргізу тәртібі мен сапасын бақылау алгоритмін тәжірибелік түрде көрсетіп, түсіндірді.