Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖИТС орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған маңызды жиын өтті. Іс-шараның мақсаты – мекемедегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және комплаенс қызметінің жұмысын жетілдіру болды.

Жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Қ.Ақмырзаев және осы басқарманың бас маманы Т.Нұрханова қатысты.

Жиынды орталықтың бас дәрігері Б.Қыдырбаев ашып, Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасынан келген қызметкерлерді таныстырып, сөз кезегін берді.

Қайрат Қалабайұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – кез келген мемлекеттік мекеменің ашықтығы мен қоғам алдындағы сенімін арттырудың маңызды тетігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігіне тоқталды.

Кездесу барысында орталықтың комплаенс-офицері М. Есдәулетованың 2025 жылғы жұмыс қорытындысы тыңдалды.

Талқылау барысында Таңшолпан Бақытәліқызы комплаенс қызметінің жұмысына қатысты бірқатар нақты сұрақтар қойып, атқарылған шаралардың тиімділігіне тоқталды. Мадина Жұманқызы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Одан әрі орталық қызметкерлері тарапынан бірқатар маңызды сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.

Қайрат Қалабайұлы орталық қызметкерлеріне жан-жақты әрі түсінікті жауаптар берді. Бұл өз кезегінде ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға оң ықпал етті.

Кездесу соңында орталық басшысы Бағлан Жарылқасынұлы сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да заң талаптарына сәйкес, ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын негізге ала отырып жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, комплаенс қызметіне айтылған ұсыныстар мен ескертулерді бақылауында ұстайтынын жеткізді.