Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

30 тамыз – ҚР Конституциясы күні

2018 жылдың 29 тамыз күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында “Ата Заңым – ардағым!” атты салтанатты жиын өткізілді.

 

ҚР Контитуциясы күніне орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы қызметкерлері мемлекеттік мерекені жоғары деңгейде атап өтті. Алғы сөз басын бас дәрігер Е.Исмагулов алды:Бүгінде дүниежүзі мойындаған өркенді өнегелеріміз Ата Заңымыздың аясында жүзеге асып келеді. Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Әлем жұртшылығы алдында мерейіміз артып, абыройымыз асқақтады. Ата Заң арқылы асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа кезеңге қадам бастық. Сондықтан біз баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтай білуіміз қажет”, – деді. “Нұр Отан” партиясының төрайымы Жакенова Р.Х. әрбір мәдениетті, білімді халықтың саналы азаматтық деңгейін көрсететін нақты өлшемдердің бірі – халықтың өзіндік құқығы мен заңдарының болуында екенін айшықтап көрсетті. 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған