2018 жылдың 2тамыз күні Қордай ауданы орталық ауруханасының мәжіліс залында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы Дулатбаева С.Ш. медицина қызметкерлерінің арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ-жұқтырылған науқастарды сырқаттың ерте кезеңінде белсенді анықтау жолдары бойынша аурухананың медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.  

Дәрігер-эпидемиолог Дулатбаева С.Ш. ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Семинарда ҚР ДСМ 23.06.2015ж. № 508 “Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес науқастарды АИТВ-ның болуына клиникалық көрсетілімдер бойынша зерттеп-қарау мәселелері қаралды. Акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық саланың медицина қызметкерлеріне АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу бойынша ақпараттар берілді. Жүкті әйелдердің АИТВ-ға тест тапсыру қағидалары, АИТВ-жұқтырылған әйелдер мен сәбилерге стационарлық көмекті ұйымдастыру және нәрестелерді емізу мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерін медициналық ем-шаралар жүргізу кезінде АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларына үйрету болып табылады. Апат жағдайларына баса назар аударылды.

Мекеменің медицина қызметкерлерінің назарына тәжірибеленуші дәрігерлермен науқастарға АИТВ-инфекциясы диагнозының кеш қойылуына әкеп соқтыратын қателіктерден мысалдар келтірілді.