Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпарат

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру –  бұл тұрғындарды ауру, жарақат,  жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі. Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдау барысында 50-ден астам елдің тәжірибесі зерделенді.  Бүгінде бүкіл әлем денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш негізгі үлгісін қолдануда: бюджеттік, сақтандыру және аралас.Бюджеттік үлгі Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция сияқты елдерде қолданылады. Әлеуметтік сақтандыру  Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, жалпы 30-ға тарта елде бар, ал жеке сақтандыру АҚШ-та қолданылады. Бірақ, көптеген елдер тиімділігі дәлелденген бюджеттік және сақтандыру үлгілерін аралас түрде қолданады.Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізетін болады.

Бұл:

Денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын,Медициналық қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімділігін,Медициналық көмектің кең ауқымды пакетін қамтамасыз етеді.Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры аударымдарының көлемі бойынша ең қолайлы жағдай жасалған.«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына сәйкес (Парламентке енгізілу жоспарланып отыр) медициналық сақтандыру мәселелері бойынша келесі жарналар мен төлемдер қарастырылған:

-жұмыс берушілер:  2017 жылдың 1 шілдесінен-1% ;2018 жылдан бастап -1,5%,2020 жылдан бастап –  2% , 2022 жылдан бастап –3%;

-жұмыскерлердің жарнасы: 1% – 2019 жылдан бастап,  2020 жылдан –  2%;

– жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, келісім-шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарнасы  – 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап табысына қарай, бірақ ең төменгі 2 жалақының  5%-нан кем емес;

-жұмыс күшіне жатпайтын тұлғалар үшін (өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар) жарна көлемі – 2018 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі 1 жалақының 5%-ы;

– мемлекет халықтың осал топтары үшін 2018 жылғы қаңтардан – 3,75%,   2019 жылдан -4%, 2022 жылдан -4,5 %.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған