Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні аталып өтті.

19 мамырда өткізілетін Дүниежүзілік ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күні карсаңында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының қызметкерлері 13-18 мамыр аралығында іс-шаралар циклін жоспарлап отыр.

Апта бойы ЖИТС орталығының қызметкерлері қала мен облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарына, бизнес құрылымдарына, жалпы білім беретін мекемелеріне бару көзделіп отыр.

Мамыр айының 14 күні Тараз қаласындағы Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде әр түрлі факультеттердің 100-ге жуық студенттері қатысқан акция өтті.- Бүгінгі таңда АИТВ, ЖИТС, наркология өте өзекті және алдағы күн біздің студенттерімізді жинап, оларды өмірлік маңызды ақпаратпен қаруландыруға жақсы себеп болып табылады, – деді Гүлнұр Момынжанова. Наркопост жетекшісі акцияның ұйымдастыру барысында белсенділік танытты.

Кездесу барысында жастар алдында Жамбыл наркологиялық диспансерінің наркологдәрігері Айгүл Каратаева жиі АИТВ жұқтыруына әкеп соқтыратын есірткіге тәуелділік туралы айтып берді.

Одан кейін студенттерге облыстық ЖИТС орталығының педагогы Рахима Жакенова ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні туралы айтып, тыңдаушыларды әлем, Қазақстан және Жамбыл облысындағы ауру бойынша статистикалық мәліметтермен таныстырды.

Іс-шара соңында жігіттер мен қыздар жедел тестілеу рәсіміне қатысты.

– Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күні осы ауыр аурумен байланысты маңызды күндердің бірі. Біздің орталық осы күндері қала мен облыс тұрғындарының назарын аса маңызды мәселеге аудару, хабардарлықты арттыру және қайтыс болғандарды еске алу үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды,- деп атап өтті Рахима Жакенова.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған