2020 жылдың 3 ақпанында Тараз қаласының Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Аудиторияны 9-10 сынып оқушылары, педагогтар, психологтар құрады. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы Мереке Бегманова АИТВ-ның берілу жолдары, АИТВ және ЖИТС ұғымдары, АИТВ-ға тестілеу түрлері туралы айтып берді. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. «АИТВ туралы аңыздар мен шындық» атты бейнеролик көрсетілді»