Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Инъекциялық есірткі тұтынушылармен жұмыс жүргізу бойынша еріктілерді оқыту

2020 жылдың 12 ақпанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары инъекциялық есірткі тұтынушылар (ИЕТ) арасында алдын алу жұмыстарға еріктілерді оқыту бойынша семинар өткізді. Еріктілік қызметке ИЕТ қатарынан бұрын шолғыншы эпидқадағалау ретінде әлеуметтік зерттеулерге белсенді қатысқан 5 адам тартылды. Алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия еріктілердің мақсаттары, ережелері мен жұмыс істеу қағидалары, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша кеңес беру негіздері туралы түсіндірді. Мартынова Вера ИЕТ-мен жұмыс істеу бойынша заңнамалық құжаттар, тарату материалдарының нормативтері, ИЕТ арасындағы АИТВ мәртебесі бар адамдармен жұмыс туралы ақпараттандырды. Аитов Руслан бағыт парақтары, БЖК туралы айтты. Семинар қатысушылары полицияға тартудан қорқу, жол жүру үшін қаржының болмауы, таныстарын көруден қорқу сияқты және т.б. көптеген себептер бойынша ИЕТ-ды тартудың күрделілігін атап өтті. Сондықтан жиын орындарына кестеге сәйкес ЖИТС орталығының жылжымалы Сенім пункті барады. Сондай-ақ, қызметтерін пайдалануға болатын, ИЕТ Достық кабинетке жүгіну мәселесіне де назар аударылды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған