Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

7 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа Кодекске қол қойды. Біз үшін оң өзгерістер қандай?

Кодекс екі жылға жуық уақыттан бері талқыланып келеді және үкіметтің және азаматтық қоғамның әртүрлі деңгейлерінде көптеген пікірталастар туғызды. Жаңа Кодексте АИТВ-ның алдын алу және емдеу бағдарламаларына бей-жай қарамайтын және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын алға тартатын ұйымдардың қандай ұсыныстар қабылдағанын көретін кез келді.
Отбасы құқықтарынан бастайық – жаңа Кодекс АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ҚР басқа азаматтарымен бірдей асырап алу құқығына кепілдік береді (79-бап, 5-тармақ).
Айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларға қолданылатын мәжбүрлеп емдеуге қатысты Кодекске АИТВ инфекциясы бұдан былай куәландыру және мәжбүрлеу тәртібімен емдеу үшін себеп болып табылмайды деп түзетулер енгізілді (80 – бап, ескерту).
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигматизациялау индексінің мәліметтері бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 20%-ы өздерінде АИТВ-жұқпасының болуына байланысты жұмысын немесе басқа табыс көзін жоғалтты, зерттеуге қатысушылардың 17%-ы АИТВ-ның салдарынан олардың тұрғылықты жерін ауыстыруға тура келді, тұрғын үйді жалға алу кезінде қиындықтар болғанын айтты. Жаңа кодекс жұмыс орнындағы кемсітушіліктен (АИТВ-инфекциясының болуына байланысты еңбек шартын бұзуға жол бермеуді қоса алғанда), тұрғын үй құқықтары мен білім беру мен әлеуметтік көмек алу құқықтарының қорғалуына кепілдік береді. Енді жұмыс беруші өз қызметкерін жұмыстан шеттетуі қажет аурулар тізбесінен АИТВ инфекциясын алып тастау туралы нақты жазылған (82-бап, 9-тармақ, 102-бап, 4-тармақ, 161-бап, 2-тармақ).
Жаңа Кодекс АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу ретінде диагноз қойылған сәттен бастап байланыста болудың алдын алуға және АРВ-емдеуді ұсынуға кепілдік береді (99-бап, 8 және 9-тармақтар).Сондай-ақ жаңа Кодексте байланыссыз алдын алуды тегін беруге кепілдік беріледі (2-параграф, 160-бап, 3-тармақ).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған