Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ инфекциясы және жастар

Адамның денсаулығы адам өміріндегі ең құнды байлық. Бірақ осы денсаулықтың қадірін жас кезімізде бағаламай, немқұрайлылық танытып, мән бермей жүре береміз. Әсіресе жастар жас кезінде жат қылықтарға әуес болып соңы өкінішке әкеліп жатады. Қазіргі кезде жастар арасында түрлі кеселдердің өршіп, кең етек алып бара жатырғаны байқалады. Аурудың түрі қаншалықты көбейген сайын, сол ауруға қарсы дәрі-дәрмектер де көптеп шығарылуда. Қанша дәрі ішкенменде адамның табиғи иммунитетіне жете алмайды.

Қазіргі кезеңде жастар арасында түрлі жұқпалы аурулар кең етек алуда. Солардың бірі Адамның иммунитет тапшылық вирусы (АИТВ) немесе жұқтырылған иммунитет тапшылық синдромымен (ЖИТС ) сипатталатын өте ауыр ағымды жұқпалы аурудың қоздырғышы болып табылады.
Бұл ауру және оның қоздырғышы өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында белгілі бола бастағанымен, аз уақыт аралығында әлемнің көп елдеріне тарап, пандемиялық сырқаттар қатарынан орын алуда. ЖИТС – өте қауіпті жұқпалы ауру, көбінесе еңбекке қабілетті және адам өсімін беретін жас адамдарды жарақаттайды. Ауру ұзақ уақыт дамиды және өліммен аяқталу көрсеткіші өте жоғары.

Алғашқыда ауру қоздырғышы вирус ағзаға енгеннен кейін клеткалар бетіне сорылып,
біртіндеп ішіне ауысады да ядроның генетикалық кодына орналасады және ұзақ уақыт адам организмінде жасырын сақталады. АИТВ инфекциясы адаммен құшақтасқанда, амандасқанда,сүйіскенде, жөтелгенде, суға түскенде , тұрмыстық заттарын қолданғанда жұқпайды.
АИТВ инфекциясына қарсы вакцина шыққан жоқ, тек антиретровирусты препараттар бар. Ол препараттар ағзадағы вирустың көбеюіне жол бермей бір қалыпта ұстап түрады. Ең өкінішітісі АИТВ-ға шалдыққандар өмір бойына вирусқа қарсы препараттарды қабылдайды. Қазір жалпы қоғам болып бұл індеттің алдын алу шараларын насихаттау арқылы күресіп келеміз. Әсіресе жастар арасында көбірек үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан жастарға айтарымыз зиянды әдеттерден аулақ болып, жат қылықтардан бойымызды алшақ ұстайық. Бір мезеттік сезімге беріліп,
өмір бойына бармағымызды тістеп қалмайық. Жеке бастың гигиенасын сақтап, спортпен шұғылданып, таза ауада серуендеп ағзамызды нығайтып дені сау ұрпақ әкелуге, саналы ұрпақ тәрбиелеуге ат салысайық.