Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ-инфекциясына байланысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері талқыланды

«Неке және отбасы» медициналық орталығының конференц-залында медицина қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.
Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылды: «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік», «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері», сондай-ақ «Қатар жүретін аурулары бар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды жүргізу мәселелері».
Іс-шараның негізгі мақсаты – медициналық ұйымдарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, пациенттердің құқықтарын сақтау, сапалы медициналық қызмет көрсетудің маңыздылығын түсіндіру және медициналық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Семинар-тренингті Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМКК эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Д.Е. Абдраманова және емдеу-алдын алу бөлімінің дәрігер-инфекционисі Г.К. Темирбекова жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушылар стереотиптер мен теріс көзқарастардың қалыптасу себептері, стигманың көрініс беру түрлері, кемсітушіліктің деңгейлері мен себептері туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар, медициналық мекемелердегі стигма мен кемсітушіліктің АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың денсаулығына, медициналық көмекке жүгінуіне және өмір сапасына тигізетін әсері нақты мысалдар арқылы талқыланды.
Семинар аясында АИТВ-инфекциясының, мерездің және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу шаралары, жүкті әйелдерді бақылау және ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы мәселелер көтерілді. Сондай-ақ қатар жүретін аурулары бар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кешенді жүргізу, емдеу мен бақылаудың заманауи тәсілдері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында пациенттердің қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеу, медициналық құпияны сақтау, қауіпсіз әрі қолайлы кәсіби орта қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тақырыптар бойынша өзара пікір алмасып, күнделікті тәжірибеде кездесетін жағдайларды талқылады.