Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ-инфекциясына қан тексерістің нәтижелерін қалай түсіну керек

АИТВ-инфекциясына қан тексерістің нәтижелерін
қалай түсіну керек

Жастар арасында санитарлық ағарту жұмысының кең көлемінде өткізілуіне байланысты, жастардың көпшілігі АИТВ/ЖИТС туралы және оның жұғу жолдарын жақсы біледі. Бірақ, қанды тестке тапсырып оның нәтижесіне келгенде дұрыс түсіне білмейді.
Тестен өткен қаннын үш түрлі нәтижесі болады:
1.Оң
2.Теріс
3.Күдікті
Егер тест оң нәтижелі болса – адам АИТВ-ны жұқтырған, яғни ол адамның қанында АИТВ-ға антиденелер анықталған.
Егер тест теріс нәтижелі болса – адам АИТВ-ны жұқтырмаған.
Егер тест теріс немесе күдікті болса – адам жұқтырған, бірақ, ағза талдау барысында қажетті антиденелерді әлі өндіріп үлгерген жоқ. Бұл жағдайда адам «терезе» кезеңінде болады. Оларды анықтау үшін 1-3, кейде 6 айға дейін уақыт керек. Сондықтанда тестті 3, 6 айдан кейін қайта өту қажет. «Терезе» кезеңінде АИТВ жұқтырылған адам басқа адамдарға өте қауіпті болып саналады, себебі вирус ағзада екінші тәулікте 1,5 миллион вирус өндіреді.
Қан оң нәтиже көрсеткенде, боз балалармен бой жеткендерге қандай әсер тигізетінін білеміз. Көбісінде қоршаған адамдарға ыза, кек, ашу, агрессия сезімдері пайда болады.
Өздереңізді, жақындарыңызды және сүйіктілеріңізді АИТВ-дан қорғау үшін тест тапсырудан қорқпаңыздар, әсіресе бірлесіп өмір сүру шешімге келген жастар.