Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары жалғасуда

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Мейіржан Ысқақ және Ботагөз Сәлменбаева АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында Жамбыл облыстық Жоғары медициналық колледжінің білімгерлеріне түсіндіру жолдарын жүргізді.
Іс-шараға аталмыш колледждің білімгерлерімен оқытушылары белсенділік танытып, пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы  індеттік ахуал туралы салыстырмалы көрсеткіштерді мәлімдеді. Іс шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, видео ролик көрсетілді, көрнекті құралдар,парақшалар таратылды.