Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Аутрич қызметкерлермен кездесу

2022 жылдың 4 мамырында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен аутрич-қызметкерлерге«ИЕТА және ЕЖЕ арасында АИТВ ның алдын алу бойынша аутрич қызметкерлердің жұмысы» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Біздің түсінігімізше аутрич-жұмыс — бұл мекеме қабырғасынан тыс, олар үшін үйреншікті жағдайларда жүргізілетін жабық нысаналы топтарды қамту бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу.
Аутрич-жұмысты өткізу — қауіпті мінез-құлықты төмендету және оларға жеке қорғаныс құралдарын ұсыну бойынша әңгімелесу, талқылау жолымен АИТВ және басқа да инфекциялардың алдын алуын жүргізуге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында жедел тестілеумен қамтуды жақсарту бойынша одан әрі жұмыс талқыланды, сондай-ақ аутрич қызметкерлер АИТВ-ның алдын алу бойынша сұрақтарын қойып, және оларға тиісті толық жауаптарын алды.
Семинарға 10-ға жуық аутрич-қызметкер қатысты. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.