Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Байзақ ауданындағы №1 мектеп-гимназиясындадәріс оқыды

🔰 Байзақ ауданы білім бөлімінің №1 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Н.Бердіш АИТВ туралы ақпараттық дәріс өткізді.
🔹 Кездесу барысында маман Қазақстан Республикасындағы және өңірдегі АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, алдын алу шараларының маңыздылығын түсіндірді.
🔹 Дәріс кезінде АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді.
🔹Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты әрі кәсіби жауаптар алды.
🔹 Кездесу соңында орталықтың психолог маманы А.Талапбек оқушылармен танымдық ойын ұйымдастырып, ақпараттық материалдар таратты.
✅Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу.