
Байзақ ауданындағы Сарыкемер гимназия-тірек мектебінің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Н.Бердіш АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында маман еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, түрлі жұқпалы аурулардан қорғану тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын сақтау маңыздылығы кеңінен айтылды.
Дәріс барысында АИТВ тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Кездесу кезінде оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан толық жауап алды.
Шара соңында орталықтың психолог маманы А.Талапбек қатысушылармен танымдық ойын ұйымдастырып, ақпараттық жадынамалар үлестірді.