Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Баспасөз хабарламасы: «Кемсітушілікке- нөл» күні

Қазақстан АИТВ-инфекциясына байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі Жаһандық серіктестік бастамасына қосылды.

Елде АИТВ-ның алдын алу, тестілеу, емдеу және күтім жасауға бағытталған ЮНЭЙДС 90-90-90 стратегиясы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні тұрғындарды тестілеу қамтуы 13% -дан асады, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынылған көрсеткіші 10% құрайды. Жыл сайын негізгі топтардың өкілдері (инъекциялық есірткі тұтынушылар; секс-қызметкерлері; ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер) және жүкті әйелдер көбірек тестіленеді. 99,6% ВИЧ-инфекциясы бар әйелдер дені сау бала туады. Олардың көпшілігі екінші және үшінші рет ана атанады. Антиретровирустық терапия (АРТ) қол жетімді болады, ол науқастарға диагноздан кейін бірден тағайындалады және тегін беріледі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатты көрсеткіші – 71%, АРТ-ны қамту бүгінде – 73%-ды құрайды.

Егер қоғамдағы АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсіту деңгейі жоғары болмаса, бұл нәтижелер әлдеқайда маңызды болуы мүмкін. Бүгінгі таңда адам құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттемелерге және АИТВ-мен байланысты саяси бастамаларға қарамастан, стигма мен кемсіту бүкіл әлемге таралуда. Осы мәселе бойынша жалпы прогреске жету үшін тиімді бағдарламалар мен бастамалар қажет.

Солардың бірі – Жаһандық серіктестік бағдарламасы – 10 желтоқсанда, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылдануының 70 жылдығында Женевада басталды. Жаһандық бастаманың тұсаукесерінде қоғамдастық өкілдері әртүрлі салаларда, соның ішінде медициналық және білім беру мекемелерінде, жұмыс орындарында, отбасыларда АИТВ өмір сүретін адамдарға (АӨСА) қатысты стигма мен кемсітушілік деңгейін төмендету бойынша тиімділігі дәлелденген бағдарламаларды ұсынды.

Қазақстан АИТВ-инфекциясымен байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі Жаһандық серіктестіктің халықаралық бастамасын қолдайды. Ол Мыңжылдық декларациясында белгіленген даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетініне сенімдімін. Бастаманы іске асырудың оң нәтижелері, бірінші кезекте, АӨСА, қамаудағылар, мигранттар және халықтың негізгі топтарының басқа да өкілдеріне қатысты болуы тиіс, — дейді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.