
Без рубрики
Бірқатар нысандарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының психолог маманы Г.Шамурзаева, медбикелер А.Кокибаева мен А.Науанова Тараз қаласындағы Самал мөлтек ауданында орналасқан бірқатар қоғамдық және кәсіпкерлік нысандарда ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қала тұрғындарына АИТВ инфекциясының берілу жолдары, жеке сақтану әдістері мен алдын алу шаралары жөнінде кең көлемде ақпарат берілді.
Тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық парақшалар таратылып, мамандар тарапынан қажетті кеңестер ұсынылды.
Алдын алу іс-шарасы жалғасуда
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы бірқатар ұйымдар мен кәсіпорындарды аралап, тұрғындармен алдын алу шаралары бойынша кездесулер өткізді.
🔹 QazPost, Отбасы банкі, ForteBank, “Make Smile” стоматологиясы, “Еркебұлан” зергерлік салоны және басқа да сауда орындарында өткен іс-шара барысында жұқпаның таралу жолдары мен қорғану әдістері түсіндірілді.
📄 Келушілерге ағартушылық мазмұндағы парақшалар таратылып, мамандар сауалдарға жауап беріп, кеңес ұсынды.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында ішкі талдау бойынша ақпараттық жұмыстар өткізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында жемқорлық қаупіне қатысты ішкі сараптама жүргізілуде. Аталған жұмыстың негізгі мақсаты – мекемедегі жемқорлық тәуекелдерін анықтап, оның алдын алу тетіктерін жетілдіру.
Осыған байланысты, орталықтың комплаенс қызметінің маманы Мадина Есдәулетова АИТВ-ға қарсы алдын алу және емдеу бөлімінің ұжымымен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында маман қатысушыларды ашық пікір алмасуға шақырып, барлық сұрақтарға нақты жауап берді.
Қосымша ақпарат немесе жеке кеңес қажет болған жағдайда комплаенс офицеріне тікелей хабарласуға болады.
⚜️Құрметті әріптестер және медицина саласының мамандары!
Сіздерді кәсіби мерекеміз – 15 маусым – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
⚜️Медицина – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен жүрек пен шексіз мейірімді талап ететін ізгілікті кәсіп. Сіздер күнделікті тынымсыз еңбектеріңізбен адамдарға үміт сыйлап, өмірлерін сақтап, денсаулықтарын жақсартуға көмектесіп келесіздер. Сіздердің кәсіби істеріңіздің адалдығына және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігіне шексіз ризашылығымды білдіремін.
⚜️Осы қуанышты күнде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілеймін! Орталығымыз алдағы уақытта да жаңашылдық пен сапаны алға қойып, халық денсаулығын жақсарту жолында табысты еңбек ете береді деп сенемін.
⚜️Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер!
Жарқын болашақ жолында бірлесе еңбек етейік!
Ізгі тілекпен,
Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы
Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері.
⚜️Медицина қызметкерлері күніне орай үздік мамандар марапатталды!
⚜️Медицина қызметкерлері күніне орай Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бірқатар қызметкерлері денсаулық сақтау саласындағы қажырлы еңбегі, медициналық мамандықтың беделін арттыруға қосқан үлесі үшін түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.
📍ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Сембиева Багдат Жомартовна.
📍ҚР ДСМ Алғыс хатымен Стратула Евгения Ивановна.
📍Жамбыл облысы әкімдігінің Құрмет грамотасымен Абдикеримова Орынкул Жетесқызы.
📍Жамбыл облысы әкімдігінің Алғыс хаты Койшыбаев Еркебулан Нуржанович.
📍Денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатымен Байкеева Анар Тойлыбайқызы, Бегманова Мереке Сабитовна, Дулатбаева Сара Шадиярбековна, Ибрагимова Эльвира Хароновна, Турекулова Сауле Ауесбековна.
📍Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы ««AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамотасымен Дулатбаева Сара Шадиярбековна.
📍«AMANAT» партиясының Құрмет грамотасымен Абдраманова Дуйсенкуль Ескермесовна, Цыденова Цыжип Намсараевна,Аубакирова Акмарал Алимбековна.
📍«AMANAT» партиясының Алғыс хатымен Сейдаева Улжан Жолшыбаевна, Мухаметкалиева Молдыр Нуртаевна, Салыкбаева Алуа Шардарбековна.
📍Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының Грамотасымен Еркулова Дурия Оксукбаевна, Ниязалиева Фируза Аскаровна, Жакипова Айгул Абдрахимовна, Винюкова Людмила Петровна, Дубаева Күлжамал Тұрсыновна
✅Бұл марапаттар – ұжым мүшелерінің кәсібилігіне, еңбегіне және қоғам денсаулығын сақтауға қосқан зор үлесіне берілген әділ баға.
Республиканский челлендж «Почему я выбрала медицину?»
Я- Иргебаева Айгерим Умиргалиевна, врач-эпидемиолог.
🔹Медицина для меня не просто профессия, это жизненный путь, результат выбора, сделанного сердцем.
🔹В 2014 году я окончила Казахский национальный медицинский университет имени С.Д.Асфендиярова по специальности «Общественное здравоохранение». Я врач первой категории. Трудовую деятельность начала с должности госпитального эпидемиолога в системе стационарной и первичной медико-санитарной помощи. Этот период дал мне глубокое понимание важности реального опыта и ответственности.
🔹В данное время я работаю врачом-эпидемиологом в Жамбылском областном центре профилактики и борьбы с СПИД. Здесь каждый день – это новый вызов, каждое решение – важный шаг, влияющий на здоровье населения. Мы боремся не только с болезнями, но и со стигмой и дискриминацией в обществе, блокируя распространение ВИЧ-инфекции.
✅Я отправляю республиканский челлендж «Почему я выбрала медицину?» всем своим коллегам, которые, как и я, носят белые халаты и трудятся ради здоровья народа!
9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтау

⚜️Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын!
⚜️
⚜️Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын!
⚜️9 мамыр – Жеңіс күні – бұл майдан даласында жан аямай шайқасқан жауынгерлер мен тылда тынбай еңбек еткен жандардың ерен ерлігі мен қажыр-қайратының мәңгілік символы.
⚜️Бұл күн – бейбіт өмір мен ел ертеңі үшін жанын қиған майдангерлердің рухына тағзым етіп, олардың ерлігін ұрпақтан-ұрпаққа үлгі ететін қастерлі мереке.
⚜️Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, ашық аспан, амандық пен шаттық тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы,
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері
– бұл майдан даласында жан аямай шайқасқан жауынгерлер мен тылда тынбай еңбек еткен жандардың ерен ерлігі мен қажыр-қайратының мәңгілік символы.
⚜️Бұл күн – бейбіт өмір мен ел ертеңі үшін жанын қиған майдангерлердің рухына тағзым етіп, олардың ерлігін ұрпақтан-ұрпаққа үлгі ететін қастерлі мереке.
⚜️Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, ашық аспан, амандық пен шаттық тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы,
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері
«Жамбыл облыстық оңалту орталығы» базасында Орталық қызметкерлері үшін сертификаттар бере отырып, бейресми оқыту өткізілді.
2025 жылғы 24 сәуірде «Қазақстан Республикасында 2023-2026 жылдарға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың Жол картасына» сәйкес эпидемиолог дәрігер А.У. Иргебаева «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыбында оқыту жүргізді. Семинарға орталықтың 41 қызметкері қатысты. Сертификат нөмірлері 522-563
Оқыту семинары «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ қатысты стигма және кемсітушілік» 04.04.2025 ж.

04.04.2025 жылы Жамбыл облыстық перинатальдық орталықта «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Жол картасы шеңберінде Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған семинар өтті (ҚР ДСМ 16.03.2023 ж. т. № 155 бұйрығы).
Семинарды Жамбыл ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Д.Е.Абдраманова жүргізіп, АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің негізгі аспектілерін қарастырды. АИТВ байланысты стигма және денсаулық сақтау мекемелеріндегі кемсітушілік АИТВ – ға қарсы кешенді, сапалы көмек көрсетудің негізгі кедергісі ретінде. Медициналық мекемелердегі нақты жағдайлардың мысалында АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигманың салдары. Медицина қызметкерінің кәсіби ортада стигма мен кемсітушілікті төмендету жолдары анықталды. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды.
Семинар-тренингке 54 Жамбыл облыстық перинатальдық орталықтың медицина қызметкерлері қатысты. Сертификат нөмірлері 423-тен 476-ға дейін.