Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті

«Aspan Profile Technology» терезеге арналған жинақтаушы бөліктерін шығаратын «АБНА» ЖШС жұмысшыларына АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.

Іс-шараны облыстық ЖИТС орталығының мамандары ұйымдастырып, АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, қорғану тәсілдері, ерте диагностиканың маңыздылығы мен стигмаға қарсы күрес мәселелері жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында жұмысшылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі кәсіби жауаптар алды. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.

 

«Жұмысшы жастар аманаты» облыстық жастар форумы

🔰Бүгін Тараз қаласында «Қазфосфат» зауытының алаңында өткен «Жұмысшы жастар аманаты» атты облыстық жастар форумына Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының жас мамандары да қатысып, белсенділік танытты.

🔹 Форум жұмысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Шара аясында қатысушылар өңірдегі ірі өндіріс орындары мен кәсіпорындардың көрмесімен танысты.

🎼 Бұдан кейін форум Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасына ұласып, қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

🔹Форум барысында Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжінің шығармашылық ұжымы арнайы театрландырылған көрініс ұсынды.

🔹Форумда алғашқы болып сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек жастарды еңбекке, жауапкершілікке, ұлт болашағына үлес қосуға шақырды. Сонымен қатар, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова форумға қатысып, жұмысшы жастарға арналған мемлекеттік қолдаулар мен жаңа бастамалар туралы айтты.

👷‍♂️ Әрі қарай әртүрлі кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген белсенді жастар өз сөзін сөйлеп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

✅Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының жас мамандары осындай маңызды шараларға қатысу арқылы қоғаммен байланысын нығайтып, белсенділік көрсетуде.

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары — психолог Г. Шамурзаева, мейірбике А. Кокибаева және А. Науанова — Тараз қаласындағы “Даримет” медициналық орталығы, “Арнұр” т.б отбасылық моншада, сүт өнімдері дүкенінде, бірнеше шаштараз, дәмхана және бизнес орталықтарында ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді.

🔹 Кездесулер барысында АИТВ инфекциясының берілу жолдары, одан қорғану тәсілдері мен ерте тестілеудің маңызы жайлы кеңінен айтылды. Халыққа арналған ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігі де ерекше атап өтілді.

АИТВ-ның алдын алу – басты назарда

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г.Шамурзаева, мейірбике А.Кокибаева бизнес орталықтарында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық іс-шара өткізді.

🔹 Іс-шара барысында жұқпаның таралу жолдары, сақтану шаралары мен тестілеудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.

✅ Мақсат – АИТВ инфекциясының таралуына жол бермеу, қоғамның ақпараттылық деңгейін арттыру және алдын алу мәдениетін қалыптастыру.

Әскерилермен ақпараттық кездесу

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары – психологтар Г. Шамурзаева, М. Бегманова және мейірбике А. Кокибаева Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, 5513 әскери бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Мақсат – АИТВ инфекциясының таралуына жол бермеу, жастардың ақпараттылығын арттыру және алдын алу мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану әдістері, тестілеудің маңызы және ерте анықтаудың артықшылықтары кеңінен түсіндірілді. Әскери қызметшілерге ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі атап өтілді.

Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Шара соңында маңызды ақпараттармен бөліскен мамандарға әскери қызметшілер ризашылықтарын білдіріліп, алғыс хаттар табыстады.

Әскерилер арасында АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша кездесу өтті

 

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы Г.Шамурзаева мен мейірбике А.Кокибаева Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 28903 әскери бөлімінде іс-шара өткізді.

🔹Іс-шара барысында мамандар АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, тестілеудің маңыздылығы және ерте анықтаудың артықшылықтары туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, әскери қызметкерлерге ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы атап өтілді.

✅Мақсат – инфекцияның таралуын болдырмау, ақпараттандыру деңгейін арттыру және алдын алу мәдениетін қалыптастыру.

Еңбек мобильдігі орталығында семинар өтті

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева және психолог маманы Г.Шамурзаева «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ Тараз қаласы бойынша Мансаптық орталық филиалында семинар өткізді.

🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, ақпараттандыру деңгейін арттыру, қауіп факторлары мен жұғу жолдары туралы түсіндіру, сонымен қатар стигма мен дискриминацияны болдырмауға ықпал ету болды.

🔹Семинар барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары, ерте анықтаудың маңыздылығы және тегін, құпия медициналық көмек алу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, инфекциядан қорғану әдістері туралы кеңестер ұсынды.

✅Іс-шара соңында қатысушыларға тақырыпқа байланысты ақпараттық бүктемелер, жадынамалар таратылып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі баса айтылды.

Алдын алу бойынша ақпараттық шаралар жалғасуда

✅Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының психолог маманы Г.Шамурзаева мен мейірбике А. Кокибаева Тараз қаласындағы бірқатар мекемелерде кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, ақпараттық іс-шаралар келесі нысандарда өтті:
🔹 «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»
🔹 «Жамбыл Стандарт», «Нотариус», «Tupperware»
🔹 «Евро Тараз» валюта айырбастау пункті
🔹 «Comfort Time» ипотека орталығы
🔹 «Арбат» асханасы, «Bereke Food» жартылай фабрикаттар дүкені
🔹 Косметика дүкендер желісі
🔹 Жеке сот орындаушысы кеңсесі
🔹 «CREED» сұлулық студиясы
🔹 «Шерхан Мұртаза» атамұра корпорациясы
🔹 «NISHE» иіс су дүкені
🔹 «ЮТА» компьютер орталығы
🔹 «La Belle» сән студиясы
🔹 «Жамбыл» қонақ үйі

Шара барысында мамандар тұрғындарға АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары мен қауіпсіз мінез-құлық дағдылары туралы толыққанды ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға кәсіби түрде жауап берді. Сонымен қатар, ақпараттық бүктемелер таратылды.

📢 Мұндай шаралар жұртшылықтың ақпараттылығын арттыруға және АИТВ-мен байланысты стигманы азайтуға бағытталған.

АИТВ-ның алдын алу – әр азаматтың денсаулығы үшін маңызды!

🔰АИТВ-ның алдын алу – әр азаматтың денсаулығы үшін маңызды!

🔹2025 жылдың тамыз айының 18-жұлдызында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес орталығының психолог маманы Г.Шамурзаева, мейірбикелер А. Кокибаева мен А. Науанова Тараз қаласы, Жайлау мөлтек ауданында орналасқан бірқатар нысандарда АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

🔹Атап айтқанда, келесі мекемелер қамтылды:
• “Дракоша” зоо дүкені
• “Сұлушаш” шаштараз салоны
• Оптика “Көз”
• “KAMILA” сұлулық салоны
• “Беременяшка” балалар киім дүкені
• “InStep” аяқ киім дүкені
• “Каусар” кафесі
• Сантехника дүкені
• “Царь” шаштаразы
• “ERSAG” компаниясы
• “pazPost” мекемесі
• Балалар тауарлары дүкені
• Жаяу жүргіншілер жолы (тротуарлар)

✅Түсіндіру жұмыстары барысында халыққа АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, тегін әрі құпия түрде тест тапсыру мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұрғындарға ақпараттық бүктемелер (парақшалар) таратылды.

🔹Мақсат – халықтың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етіп, АИТВ инфекциясына байланысты қоғамдағы стигма мен кемсітушілікті жоюға атсалысу.

📢 Есіңізде болсын: АИТВ – ол үкім емес! Ерте анықталса, емделіп, сапалы өмір сүруге толық мүмкіндік бар.

📍 Анонимді тексерілу – әр адамға қолжетімді.

АИТВ-дан қорғану – өз денсаулығыңа деген жауапкершілік

2025 жылдың тамыз айында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары Тараз қаласында кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында орталықтың психологы Г. Шамурзаева мен мейірбике А. Науанова қала тұрғындарына АИТВ (адам иммунтапшылығы вирусы) инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары және ерте диагностиканың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттық-насихат жұмыстары “Жайлау” мөлтек ауданында өтті:
📍 “OTBACЫ BANK” кеңес беру орталығы
📍 “Kodak” фото салоны
📍 “АКАДЕМИЯ СЛУХА” есту аппараттары дүкені
📍 “Gold FinMarket” ломбардын
📍 “М-ломбард”
📍 “Сейф” ломбардын
📍 “HOME CREDIT BANK”
📍 “BEGEMOTИК” дүкені
📍 “Сакура” аяқ киім дүкені
📍 TISEMHANASV
📍 “SAUKELE” сән салоны
📍 “Садыхан” емдеу бөлімі
📍 “Dayana cakes” кондитерлік дүкені
📍 Нотариус кеңсесі
📍 Оптика дүкені

🔹 Шара барысында кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына ақпараттық парақшалар таратылып, АИТВ инфекциясы жөнінде маңызды мәліметтер берілді.