Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Наурызнама: 19 наурыз – Жаңару күні

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығында Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «Жаңару күні» атап өтілді. Бұл күні ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Қоғамға жаңарудың, табиғатты қорғаудың маңыздылығын көрсету мақсатында өткізілген шараға орталық қызметкерлері белсенді қатысты.
🔹Іс-шараны орталықтың бас дәрігері Б.Қыдырбаев өзі бастап ашып берді. Бағлан Жарылқасынұлы Наурыз мерекесінің тек жақсылық пен жаңару әкелуін тілеп, ағаш отырғызудың табиғатқа деген қамқорлықты білдіретіндігін атап өтті. Ағаш – өмірдің белгісі, ол жеріміздің сұлулығын сақтап қалуға көмектеседі деген мағынада құнды сөздер айтты.
🔹Бұл күннің маңызды бөлігі ретінде, “Банк Центр Кредит” АҚ Тараз қаласы бойынша бөлімінің директоры Ахтанова Айжан Болатқызы да шақырылды. Ол орталыққа бір шырша ағашын әкеліп отырғызып, мекемеге өз үлесін қосты. Оның бұл қадамы азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетіп, табиғатты қорғау мен жасыл желекті көбейтуге бағытталған жұмыстарға үлес қосуға шақырды.
🔹Іс-шараға орталықтың барлық қызметкерлері қатысып, бірге ағаш отырғызып, осы арқылы табиғатты қорғауға және оны жақсартуға өз үлестерін қосты.
✅Бұл күннің мақсаты тек ағаш отырғызу ғана емес, сонымен қатар Наурыз мерекесінің мәнін, жаңару мен табиғатты сақтау маңыздылығын кеңінен насихаттау болды.

Офтальмологиялық орталықтың қызметкерлері үшін арнайы оқыту семинар

🔰Жамбыл облысының АИТВ инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Айгерім Иргебаева Жамбыл облыстық Офтальмологиялық орталықтың қызметкерлері үшін арнайы оқыту семинар ұйымдастырды.
🔹Семинардың басты мақсаты – медицина мамандарының АИТВ инфекциясы туралы білімін арттырып, қоғамда кемсітушілікке қарсы түсіністік қалыптастыру болды.
🔹Семинарда дәрігер Айгерім Өмірғалиқызы АИТВ инфекциясының Қазақстан мен Жамбыл облысындағы таралу жағдайы және оның алдын алу шаралары туралы жан-жақты мәлімет берді. Ол инфекцияның таралу жолдарын түсіндіріп, АИТВ жұқтырған адамдарға дұрыс көзқарас қалыптастыру қажеттігін, сондай-ақ, оларды қоғамда қабылдауға шақырды.
✅Қатысушыларға АИТВ инфекциясынан қорғаудың жолдары, ерікті тестілеудің маңызы және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру туралы да маңызды ақпараттар ұсынылды. Іс-шара барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікір алмасуға қатысты.

АИТВ-инфекциясын алдын алу: Семинардың маңызы мен тақырыптары

🔰Тараз қаласындағы «Эскулап» емдеу орталығында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша маңызды семинар өткізілді. Бұл семинарды Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог-дәрігері Гулшат Ахметова жүргізді. Семинардың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы мен оны алдын алу шаралары, АИТВ/ЖИТС бойынша ақпарат беру, осы бағыттағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстырып, білімдерін жетілдіру.

Офтальмологиялық орталығы қызметкерлеріне арнайы семинар

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының инфекционист дәрігері Сауле Токбураева Жамбыл облыстық Офтальмологиялық орталығы қызметкерлеріне арнайы семинар сабағын өткізді. Семинар барысында дәрігер қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алу, емдеу мәселелеріне қатысты маңызды мәліметтер берді. Семинардың негізгі тақырыптары ретінде «АИТВ-инфекциясымен қатар қосымша аурулары бар науқастарды жүргізу мәселелері» және «Анадан балаға АИТВ, мерез және С гепатитінің берілуінің алдын алу мәселелері» қаралды.
🔹Семинардың алғашқы бөлімінде дәрігер АИТВ және оның салдарлары, инфекциямен өмір сүріп жүрген адамдардың әлеуметтік және психологиялық жағдайлары туралы айтты. Сонымен қатар, қосымша аурулармен ауыратын АИТВ-мен өмір сүретін науқастардың жағдайы және оларды тиімді басқару жолдары талқыланды.
🔹Екінші бөлімде Анадан балаға АИТВ, мерез және С гепатитінің берілуінің алдын алу мәселелері кеңінен қаралды. Сауле Токбураева бұл инфекциялардың анадан балаға берілу жолдарын түсіндіріп, олардың алдын алу үшін қандай медициналық шаралар қолданылатынын нақты көрсетті. Мысалы, жүктілік кезінде АИТВ статусын анықтап, алдын алу терапиясын дұрыс тағайындаудың маңыздылығы, сондай-ақ, медициналық бақылаудың үнемі жүргізілуі керектігі айтылды.
✅Семинар барысында дәрігер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

№2 қалалық емханасынның қызметкерлеріне арналған семинар

🔰Ағымдағы жылдың 12 наурызында Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері А. Иргебаева №2 қалалық емханасының қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша семинар өткізді.
🔹Бұл семинардың мақсаты – медициналық қызметкерлердің АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру, кемсітушілікті болдырмау үшін қоғамда түсіністік қалыптастыру.
🔹Семинар барысында Айгерім Өмірғалиқызы АИТВ- инфекциясының қазіргі жағдайы мен оның таралуы туралы толық ақпарат беріп, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуалды сараптады. Дәрігер инфекцияның таралу жолдары, АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, оларды қоғамда қабылдауға шақыру, медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру және кемсітушілікті жою бойынша ұсыныстар айтты.
🔹Сонымен қатар, семинар қатысушыларына АИТВ- инфекциясынан сақтанудың жолдары, ерікті түрде тест тапсырудың маңызы, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру жайында ақпараттар ұсынылды.
​Іс-шараға қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауларға қатысты.

Мәдени көпшілік іс-шарада ақпараттық бүктемелер таратылды

 

14 наурыз күні Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қайрат Рысқұлбеков саябағында Көрісу күніне орай мәдени көпшілік іс-шара өтті. Бұл шара көктемнің алғашқы күні, табиғаттың жаңаруымен байланысты татулық, келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталды. Іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары белсене қатысып, мерекелік көңіл-күйде болды.

Іс-шара барысында түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылып, халыққа ұлттық әндер мен билер ұсынылды. Тұрғындар арасында жақсы тілектер айтылып, кешірім сұрау мен бір-біріне қолдау көрсету дәстүрі жалғасты. Көрісу күні мерекесі бұл тек көктемнің басталуын емес, сондай-ақ қоғамда татулық пен бейбітшілікті сақтау қажеттігін айшықтады.

Аталмыш іс-шарада АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мамандары АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық бүктемелер таратты. Олар АИТВ жұқпасының таралу жолдары, оның алдын алу тәсілдері, ерікті тестілеудің маңызы туралы тұрғындарға түсінік беріп, сұрақтарына жауап берді.

«Ауыл береке» сауда кешенінде ақпараттық іс-шара өтті

🔰Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясын алдын алу орталығы Тараз қаласының «Ауыл береке» сауда орны жұмысшылары мен тұрғындары арасында ақпараттық оқу материалдарын тарату мақсатында маңызды шара ұйымдастырды. Орталық мамандары, эпидемиолог дәрігер С.Дулатбаева мен психолог М.Бегманова АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен қауіпсіздік шаралары туралы радио арқылы өз сөздерін кеңінен жеткізді. Олар тұрғындарды өз еріктерімен АИТВ инфекциясына жедел тест тапсыруға шақырып, инфекциядан қорғану үшін қажетті ақпараттармен бөлісті.

🔹Сонымен қатар, орталықтың медибикесі Г.Иманбаева қала тұрғындарынан жедел тест тапсыруға ниет білдіргендерге тест жүргізді. Бұл шара барысында мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары мен қауіпсіздік шаралары туралы кеңестер ұсынып, түрлі мәселелер бойынша түсінік берді.

🔹Түсіндіру жұмыстары кезінде тұрғындарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу тәсілдері, және инфекцияның ерте кезеңдерінде тест тапсырудың маңызы туралы жан-жақты ақпараттар ұсынылды. АИТВ-мен байланысты қорқыныш пен күмәндарды жою мақсатында психологтар эмоционалдық қолдау көрсетіп, жұртшылыққа дұрыс ақпарат беруге тырысты.

✅Бұл шара қоғамда АИТВ инфекциясының алдын алу, дұрыс ақпараттандыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша білімділікті арттыруға бағытталды. Мұндай іс-шаралар халықтың денсаулығын сақтау мен қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жақсартуға, АИТВ инфекциясының таралуын болдырмауға көмектеседі.

Студент» медициналық орталығында семинар өтті

🔰Студент» медициналық орталығында Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы мен профилактикалық шараларына арналған семинар өтті.
🔹Семинардың негізгі мақсаты – АИТВ – инфекциясының таралуын тоқтату, кәсіби жұқтырудың алдын алу және АИТВ мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жою мәселелеріне назар аудару болды.
🔹Семинар барысында Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының дәрігерлері К.Аушенова және К.Сметова алдын алу шараларды түсіндіріп, халықаралық тәжірибелер мен АИТВ-мен күресудің тиімді әдістерін бөлісті. Олар қатысушыларға АИТВ- инфекциясының таралуы, алдын алу шаралар, анадан балаға берілуінің алдын алу жөнінде маңызды ақпарат берді. Сонымен қатар, АИТВ және қосымша аурулардың диагностикасы мен емдеу әдістері талқыланды.

Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиын ұйымдастырылды

🔰7 наурыз күні Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мәжіліс залында Халықаралық әелдер күніне орай ерекше мерекелік жиын ұйымдастырылды. Бұл шарада нәзік жандарға деген құрмет пен сүйіспеншілікке толы жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды.

🔹Мерекелік жиынды орталықтың бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Джарлықасынұлы ашып, ақ халатты абзал жандарды шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы рөлі мен еңбегін жоғары бағалап, әрбір әйелдің өміріміздегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, дәрігер әйелдердің атқарған жұмыстары мен кәсіби шеберліктерін ерекше атап өтті.​
🔹Жиында ұжымдағы ер азаматтар да әйелдерге арнап арнайы әндер орындап, олардың еңбекқорлығы мен жан-жақты болмысына деген құрметтерін білдірді. Өнерлі ұжым мүшелері көңілді кештің ажарын ашып, өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің көркін келтірді.

Ақпараттық іс-шара жалғасуда

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу мамандары жергілікті тұрғындарға инфекцияның таралу қаупі мен оны болдырмаудың тиімді жолдарын түсіндіріп, оқу материалдары таратты.
🔹Бұл шараның басты мақсаты-тұрғындарға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу әдістері туралы нақты және дұрыс ақпарат жеткізу.