Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Қауіпсіздік деңгейлері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында қауіпсіздік деңгейлері мен төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдері бойынша түсіндіру жұмыстары өтті.
Іс-шарада орталықтың Клинико-диагностикалық зертханасының дәрігері И. Досымова зертхана бөлімінің мамандарымен бірге медициналық мекемелерде қолданылатын қауіпсіздік деңгейлері туралы талқылау жүргізіп, өзара тәжірибе алмасты.
Кездесу барысында қауіпсіздік деңгейлері мен төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі қарастырылып, мамандар өз білімдерімен бөлісіп, тәжірибелік пікір алмасу жүргізді.

14- наурыз Көрісу күні

⚜️Қазақ халқының ежелгі дәстүрлі мерекесі – Көрісу күні құтты болсын!
⚜️Бұл күн – адамдардың бір-бірімен амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, ақ тілек айтып, жақсылық тілеу күні.
Баршаңызға мықты денсаулық, амандық, береке және молшылық тілейміз!

Адамға үміт сыйлау жолындағы 23 жыл

Кейбір жандар өз жолын бала күнінен айқындайды. Қолына ойыншық емес, «дәрігерлік сөмке» ұстап өскен қыздың арманы – адам жанына араша болу еді. Облыстық Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының АИТВ жұқтырғандар мен ЖИТС-пен ауыратындарға емдеу- алдын алу көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі  Ниязалиева Фируза Асқарқызы да сол арманға адал болып өскен жан.

Медициналық училищені тәмамдаған соң, 1993 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина Академиясының «Емдеу ісі» мамандығына оқуға түсіп, кәсіби білімін шыңдады. Еңбек жолын Шымкент қалалық тері-венерологиялық диспансерінде бастап, кейін тағдыр оны Тараз қаласына алып келді. Апасының ақыл-кеңесімен облыстық ЖИТС орталығына қызметке орналасуы – кәсіби өміріндегі жаңа белес болды. Себебі бұл сала – ізденісті, терең білімді, үлкен жүректі талап ететін, жауапкершілігі жоғары бағыт еді.

– Бұл 23 жыл бұрын басталған жол, – дейді Фируза Асқарқызы. – Осы уақыт ішінде таңдауыма бір сәт те өкінген емеспін. Алғашында науқастар саны аз, емдеуге мүмкіндіктер шектеулі болатын. Қазір жағдай өзгерді. Біздің бақылауымызда облыс бойынша 1100-ден астам адам бар. Олардың арасында мұғалімдер, дәрігерлер, медбикелер, заңгерлер т.б мамандық қызметкерлері бар. Бұл дегеніміз – АИТВ жұқпасы ешкімді таңдамайтынын дәлелдейді.

Дәрігер үшін ең ауыр сәт – диагнозды хабарлау.

– Әр адам бұл хабарды әрқалай қабылдайды. Бұл – тағдырға түскен ауыр салмақ, – дейді Фируза Асқарқызы. – Әсіресе, баласына АИТВ жұққанын естіген ата-анаға сөз табу қиын. Кейде бірнеше жыл бойы сенім мен сабыр арқылы ғана нәтижеге жетеміз. Бірақ үміт үзбейміз. Кеше бас тартқан науқас бүгін сеніммен келіп, емін бастаса – бұл біздің еңбегіміздің жемісі.

Бөлімде ұзақ жылдық тәжірибесі бар білікті мамандар еңбек етеді. Инфекционист дәрігерлері – Байдаулетова Гулнар Тортаевна, Сметова Кулмира Есмуратовна, Темирбекова Гулмира Куандыковна, Токбураева Сауле Дастановна және психолог маманы Бер Эльвира Яковлевна – әр науқаспен тіл табысып, кәсіби әрі жанашырлықпен қызмет көрсетеді. Әрқайсысы өз ісін білетін, әр науқасқа үміт сыйлайтын маман.

Бүгінде емдеу – алдын алу бөлімінің жұмысы тек ауруды анықтау немесе дәрі тағайындаумен шектелмейді. Бұл – әр науқастың өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді қызмет. Мамандар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды тұрақты диспансерлік бақылауға алып, антиретровирустық терапияны уақтылы тағайындап, емнің тиімділігін үздіксіз қадағалайды.

Сонымен қатар, психологиялық және әлеуметтік қолдау да маңызды орын алады. Себебі, АИТВ жұқпасы адамның ішкі күйзелісі мен қоғамдағы орнына әсер етеді. Сондықтан әр науқасқа жеке көзқарас, құпиялылық қағидаты қатаң сақталуы керек.  Сенім бар жерде нәтиже де бар.

Жүкті әйелдермен жүргізілетін профилактикалық шаралар, жасөспірімдерге кеңес беру, аурудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары – емдеу алдын алу бөлімнің негізгі бағыттары. 2025 жылы Жамбыл облысында АИТВ-мен өмір сүретін аналардан 14 босану тіркеліп, 15 (біреуі егіз) сәби дүниеге келді. Алдын алу шаралардың толық жүргізілуінің арқасында бірде-бір балада АИТВ анықталған жоқ. Бұл – жүйелі еңбек пен дұрыс емнің нақты нәтижесі.

Емдеу бөлімінің жұмысы – үнсіз ерлік. Күн сайынғы сабыр мен мейірімнің арқасында жүздеген адам қалыпты өмір сүруге мүмкіндік алып отыр. Әр басталған ем – болашаққа үміт, әр сақталған денсаулық – үлкен жетістік.

Фируза Ниязалиеваның өмірі – тек қызметпен шектелмейді. Ол – бойына мейірім мен ізгілікті жинаған ибалы келін, ардақты жар, аяулы ана.

– Дәрігер болу – жай ғана мамандық емес, – дейді Фируза Аскарқызы. – Бұл – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін өте маңызды мамандық. Жүрекпен таңдаған мамандық – тағдырмен үндеседі. Ал адамға үміт сыйлау – дәрігердің ең асыл бақыты.

Студенттерге профилактикалық ақпараттық дәріс өткізілді

«Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» студенттеріне арналған профилактикалық ақпараттық дәріс өткізілді.
Кездесуге Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары — орталық медбикесі Н. Тоғанбай және психолог М. Бегманова қатысып, дәріс оқыды.
Дәріс барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы маңызды ақпараттар берілді.
Студенттер танымдық сұрақ-жауап ойынына белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сауалдарға нақты жауаптар алды.
Кездесу барысында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, студенттерге арнайы ақпараттық материалдар таратылды.

Жақсылық жасап жарысайық!

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің ұйымдастыруымен «Жақсылық жасап жарысайықшы» атты челлендж аясында қайырымдылық шарасы өткізілді.
Аталған акцияның мақсаты – мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау, қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсету. Іс-шара барысында орталық қызметкерлері екі пациентке азық-түлік себеттерін табыстап, жылы лебіздерін білдірді.
Бұл бастама – қоғамда өзара қолдау мен қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі қадам. Қайырымдылық – үлкен жүректен шығатын ізгі іс.
Баршаңызды жақсылық жасауға шақырамыз!

Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды

6 наурыз күні Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын барысында нәзік жандарға деген құрмет пен ризашылық білдіріліп, жылы лебіздер мен шынайы құттықтаулар айтылды.
Орталықтың бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы ақ халатты абзал жандарды мерекемен шын жүректен құттықтап, өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы және медицина саласындағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Мерекелік жиында ұжымдағы ер азаматтар да нәзік жандыларға арнап ән шырқап, құрметтерін білдірді.
Бұл ерекше жиын ұжымдағы бірлік пен сыйластықтың жарқын көрінісіне айналып, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тараз қаласының Жастар ресурстық орталығында АИТВ жөніндегі ақпараттық кездесу өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы Г. Шамурзаева Тараз қаласының Жастар ресурстық орталығында жастарға арналған ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ және орыс тілдерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында маман Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының қазіргі эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып, өңірде жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан толық жауаптар алды.

ЖИТС орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған маңызды жиын өтті. Іс-шараның мақсаты – мекемедегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және комплаенс қызметінің жұмысын жетілдіру болды.

Жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Қ.Ақмырзаев және осы басқарманың бас маманы Т.Нұрханова қатысты.

Жиынды орталықтың бас дәрігері Б.Қыдырбаев ашып, Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасынан келген қызметкерлерді таныстырып, сөз кезегін берді.

Қайрат Қалабайұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – кез келген мемлекеттік мекеменің ашықтығы мен қоғам алдындағы сенімін арттырудың маңызды тетігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігіне тоқталды.

Кездесу барысында орталықтың комплаенс-офицері М. Есдәулетованың 2025 жылғы жұмыс қорытындысы тыңдалды.

Талқылау барысында Таңшолпан Бақытәліқызы комплаенс қызметінің жұмысына қатысты бірқатар нақты сұрақтар қойып, атқарылған шаралардың тиімділігіне тоқталды. Мадина Жұманқызы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Одан әрі орталық қызметкерлері тарапынан бірқатар маңызды сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.

Қайрат Қалабайұлы орталық қызметкерлеріне жан-жақты әрі түсінікті жауаптар берді. Бұл өз кезегінде ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға оң ықпал етті.

Кездесу соңында орталық басшысы Бағлан Жарылқасынұлы сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да заң талаптарына сәйкес, ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын негізге ала отырып жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, комплаенс қызметіне айтылған ұсыныстар мен ескертулерді бақылауында ұстайтынын жеткізді.

2026 жылғы 25 ақпан күні Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы мәжіліс залында «Жамбыл облысындағы 2025 жылдың 12 айындағы жүкті әйелдер мен жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру және АИТВ-инфекциясының анадан балаға вертикальді жолмен берілуінің алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңестің мақсаты – өңірде АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуін болдырмау, жүкті әйелдер мен олардың серіктестерін тестілеумен қамту деңгейін арттыру және медициналық ұйымдардағы есептілік пен профилактикалық жұмыстың сапасын жетілдіру.
Іс-шараға Тараз қаласы мен аудандық емдеу-алдын алу мекемелері басшыларының орынбасарлары, әйелдер консультацияларының меңгерушілері, ЖТД (ВОП) меңгерушілері, АИТВ-инфекциясына жауапты БМСК ұйымдары мен перзентхана бөлімдерінің медициналық қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесті АИТВ-инфекциясының профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Г.Ахметова ашып, Жамбыл облысы бойынша 2025 жылдың 12 айындағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады. Сондай-ақ аудандық бөліністе халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту көрсеткіштеріне тоқталып, орталыққа ұсынылатын айлық есептердің сапалы әрі уақытылы тапсырылуының маңыздылығын атап өтті.
Емдеу-алдын алу бөлімінің дәрігер-инфекционисті Г. Темірбекова ҚР ДСМ-нің 17.03.2023 жылғы №180 Клиникалық хаттамасына сәйкес АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу шараларын түсіндіріп өтті.
АИТВ-инфекциясының профилактикалық жұмыс бөлімінің эпидемиолог дәрігері Д. Абдраманова 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жүкті әйелдерді 109.1, 109.2 және 109.3 кодтары бойынша тексеру көрсеткіштері және жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі кәсіби жауаптар берілді.
Семинар соңында орталықтың мейірбикесі В. Мартынова АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеу жүргізу тәртібі мен сапасын бақылау алгоритмін тәжірибелік түрде көрсетіп, түсіндірді.

Қалалық перинаталдық орталығында АИТВ/ЖИТС бойынша семинар ұйымдастырылды.

Cеминарды орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің эпидемиолог дәрігері Д.Абдраманова және емдеу-профилактикалық бөлімнің инфекционист дәрігері Г.Темірбекова жүргізді.

Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы ВИЧ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен таныстыру, ВИЧ бойынша жаңартылған нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру, сондай-ақ тестілеу, алдын алу және емдеу шаралары туралы жан-жақты ақпарат беру.
Семинар барысында келесі тақырыптар қамтылды:
– Жамбыл облысы мен ҚР бойынша АИТА/ЖИТС-тің эпидемиологиялық ахуалы;
– Медициналық ұйымдардағы АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс;
– ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығына сәйкес ВИЧ-инфекциясына міндетті құпия медициналық тексеру қағидалары;
– АИТВ-ға тексерілуге жататын контингенттер және кәсіптік жұқтырудың алдын алу;
– АИТВ инфекциясының диагностикасы, профилактикасы және емі, қосалқы аурулар;
– Анадан балаға АИТВ, мерез және С гепатитінің берілуінің алдын алу;
– Стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері.
Қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, тәжірибелік тұрғыда маңызды жауаптар алды.