
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы Г.Салпыкова С.Шмаханұлы атындағы №44 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
– жастарға АИТВ/ЖЖБИ туралы ғылыми негізделген, дұрыс ақпарат жеткізу;
– жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
– ақпараттық сауаттылықты арттыру;
– денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау;
– салауатты өмір салтын кеңінен ұсыну.
Дәріс барысында маман АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлықтың рөлі, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы іс-әрекеттер туралы жан-жақты түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қатысушыларға тақырыпқа сәйкес бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық бүктемелер таратылды.





М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологтары Г. Шамурзаева мен Г. Салпыкова жоғары сынып оқушыларына арналған танымдық дәріс өткізді. Кездесу қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылды.


