Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары

АО «ТЭЦ» ұжымында АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараға Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігерлері Н. Бердіш және Смаил Мадина қатысты.
Бірінші күннің қорытындысы:
50 адам ақпараттық лекцияға қатысты.
85 адамнан АИТВ-ға зертханалық тексеру үшін ИФТ әдісімен қан алынды.
Кездесу барысында мамандар АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары, уақытылы тексерілудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы түсіндірді.
Алдағы екі күнде АИТВ инфекциясына ИФТ әдісімен зертханалық тексеру жұмыстары жалғасатын болады.

📞 СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында қызмет алушылар, келушілер және орталық қызметкерлері үшін сенім телефоны жұмыс істейді. Сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз немесе шағымдарыңыз бойынша Комплаенс-офицерге жүгіне аласыз.
Комплаенс-офицер:
Пронина Анжелика Владимировна
📱 +7 771 418 0508
– Өтініш анонимді түрде берілуі мүмкін.
– Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
– Барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралады.
Ашықтық пен сенім – ортақ жауапкершілігіміз!

«Акушерский час»: профилактика ВИЧ-инфекции среди беременных женщин

ТОО Шайкурухский центр семейного здоровья в женской консультации состоялся «Акушерский час» с участием специалистов акушерско-гинекологического профиля.
Основной целью встречи стало повышение внимания медицинских работников к своевременному обследованию беременных женщин на ВИЧ-инфекцию и профилактике вертикальной передачи ВИЧ от матери к ребенку.
В ходе мероприятия врач-эпидемиолог Ж. Кошкарова и помощник эпидемиолога У. Абдимутали рассмотрели важные вопросы:
своевременное обследование беременных женщин на ВИЧ при постановке на учет и на 28–30-й неделе беременности;
своевременность и полнота обследования половых партнеров беременных женщин;
правильность присвоения кодов при тестировании беременных женщин и их половых партнеров;
меры по предупреждению вертикальной передачи ВИЧ-инфекции;
актуальные вопросы профилактики и дальнейшие рекомендации.
В мероприятии приняли участие 11 специалистов.

АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілді

18 тамыз 2026 жылы Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары Н. Тоғанбай және А. Кокибаева халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандар “Wedrink” дүкені, “Asem-ai” сауда орталығы, “М-ломбард”, “Neo dent” тіс емханасы, “Rauza” киім дүкені, “Korzinka” дүкендер желісі, “Nazerke” ательесі және халық көп шоғырланатын тротуарларда болып, тұрғындар мен қызметкерлерге АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.
Іс-шара барысында ақпараттық материалдар таратылып, АИТВ-ның берілу жолдары, одан қорғану тәсілдері және уақтылы тестілеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және инфекцияның алдын алуға бағытталған жауапты мінез-құлықты қалыптастыру.

Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді

Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы жастар көп шоғырланған орындардың бірінде, Тараз қаласында ұйымдастырылған кешкі концерт барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру, инфекцияның алдын алу жолдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Мобильді топ мамандары жастарға АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары және уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы түсіндіріп, ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратты.

Жамбыл аудандық орталық ауруханасының жастар денсаулық орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығы мамандары мен Жамбыл аудандық орталық ауруханасының жастар денсаулық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың АИТВ-инфекциясы туралы білімін арттыру, инфекциядан сақтану жолдарын түсіндіру және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Қатысушыларға АИТВ-ға тестілеуден құпия түрде өту мүмкіндігі туралы түсіндіріліп, жастардың сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылды.

Рысқұлов жастар денсаулық орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары мен Рысқұлов жастар денсаулық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың АИТВ-инфекциясы туралы білімін арттыру, инфекциядан сақтанудың тиімді жолдарын түсіндіру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық және уақтылы тестілеудің маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, АИТВ-ға тестілеуден құпия түрде өту мүмкіндігі туралы түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды. Жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық жадынамалар мен материалдар таратылды.

1 қалалық емханада АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары мен Тараз қаласындағы 1 қалалық емхананың ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру және АИТВ-ны ерте анықтау үшін уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығын жеткізу. Іс-шара барысында мамандар: АИТВ-инфекциясының берілу жолдары; алдын алу шаралары; қауіпсіз мінез-құлық қағидалары; АИТВ-ға уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушыларға АИТВ-ға құпия түрде тестілеуден өту мүмкіндігі туралы түсіндіріліп, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Сонымен қатар, тұрғындарға АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылды. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз. Уақтылы тексеріліп, АИТВ туралы дұрыс ақпарат алыңыз!

Жастармен бірге – салауатты болашақ үшін! 💚

🎉 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Тараз қаласында жастарға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

✨ Концерттік бағдарлама өтіп жатқан сәтте Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары да жастармен бірге болып, АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📚 Мамандар жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары, жұғу ерекшеліктері және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы ақпарат беріп, ақпараттық буклеттер таратты.

🤝 Жастардың денсаулығын қорғау, дұрыс ақпарат қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау – басты міндеттердің бірі.

№2 қалалық емханада АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Тараз қаласындағы №2 қалалық емханада Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары мен емхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, инфекциядан қорғану жолдары жөнінде дұрыс әрі сенімді ақпарат беру және АИТВ-ны ерте анықтау үшін уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығын түсіндіру. Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушыларға АИТВ-ға тестілеуден құпия түрде өту мүмкіндігі туралы түсіндіріліп, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Сонымен қатар, тұрғындарға АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылды.