Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте дәріс оқыды

Тараз қаласы білім бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ЖИТС ортаоығының психолог маманы Г.Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы маңызды ақпарат берді. Сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығы атап өтілді.
Шара соңында оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне  арналған салтанатты жиын өтті

2025 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында салтанатты жиын өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.

Салтанатты жиынды ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Абдикеримова Орынкүл Жетесқызы ашып, ұжым мүшелерін еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баршаға зор денсаулық, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Келесі құттықтау сөз «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы Мақашев Нұрлан Оразқұлұлына берілді. Ол медицина саласы қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, кәсіби еңбектері үшін алғысын білдірді.

Салтанатты жиын барысында бірқатар қызметкерлер марапатталды.

«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облысы бойынша филиалының  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өз кәсібіне адалдық танытып, жоғары жауапкершілікпен үлгілі еңбек етіп, ұйымшылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін» төсбелгісімен эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Ахметова Гүлшат Төлегеновна марапатталды. Осы мазмұндағы Құрмет грамотасымен

емдеу-алдын алу көмек бөлімінің инфекционист дәрігері Сметова Кульмира Есмуратовна марапатталды. Ал Алғыс хатпен зертхананың Шу қаласындағы филиалының мейірбикесі Сержанова Гүлмира Аманкуловна марапатталды.

Сонымен қатар «AMANAT» партиясының бағдарламалық мақсат-міндеттерін іске асыруға қосқан үлесі мен тұрғындардың денсаулығын сақтау жолындағы еселі еңбегі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесіне орай Құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер марапатталды: емдеу-алдын алу көмек бөлімінің инфекционист дәрігері Токбураева Сауле Дастановна; АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Досымова Индира Мумархановна; әкімшілік бөлімінің есепшісі Широнина Ольга Константиновна; ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің журналисі Омарбекова Ақмарал Сапаралықызы. Бұдан бөлек, Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы орталығының Тәуелсіздік күніне орай Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолындағы еңбегі үшін Мадақтамасымен келесі қызметкерлер марапатталды: емдеу-алдын алу көмек бөлімінің инфекционист дәрігері Байдаулетова Гульнара Тортаевна; АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Досымова Индира Мумархановна; әкімшілік бөлімінің мұрағатшысы Бейсетаева Айнұр Азимхановна; клиникалық-диагностикалық зертханасының тазалықшысы Жадыраева Зухра Абдибаховна; әкімшілік бөлімінің жұмылдыру жөніндегі маманы Нұрсейіт Жансая Қабылбекқызы.

Осыдан кейін орталықтың кәсіподақ төрайымы Абдиева Сауле Сырмановна мен бас мейірбике Сатмаханова Лайла Ораковна сөз сөйлеп, ұжым мүшелерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баршаға бейбіт өмір, зор денсаулық және ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Іс-шара соңында марапат иелеріне ізгі тілектер айтылып, ел тәуелсіздігін нығайту жолындағы еңбектеріне табыс тілеп, салтанатты жиын қорытындыланды.

Экономика және құқық факультеті студенттерімен АИТВ жөніндегі ақпараттық кездесу

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігерлері С. Дулатбаева мен Д. Абдраманова АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Экономика және құқық факультеті студенттеріне ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында мамандар Қазақстандағы, сондай-ақ Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының ағымдағы эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, өңірде атқарылып жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстардың маңызын түсіндірді.
Дәріс барысында АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, салауатты өмір салтын ұстанудың мәні туралы кең көлемді ақпарат ұсынылды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дәрігерлер тарапынан жан-жақты әрі кәсіби жауап алды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу болып табылады.

Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектепте дәріс өтті

Тараз қаласы білім бөлімінің Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ЖИТС ортаоығының психолог маманы Г.Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы маңызды ақпарат берді. Сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығы атап өтілді.
Шара соңында оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.

Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектепте ақпараттық дәріс өтті

 

Тараз қаласы білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ЖИТС орталығының психолог маманы Г.Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы маңызды ақпарат берді. Сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығы атап өтілді.
Шара соңында оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.

Д.И. МЕНДЕЛЕЕВ атындағы “РЕСЕЙ ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯ УНИВЕРСИТЕТІ” студенттеріне АИТВ туралы ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог психолог маманы Г. Шамурзаева Д.И. МЕНДЕЛЕЕВ атындағы
“РЕСЕЙ ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯ УНИВЕРСИТЕТІ” студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
– жастарға АИТВ/ЖЖБИ туралы ғылыми негізделген, дұрыс ақпарат жеткізу;
– жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
– ақпараттық сауаттылықты арттыру;
– денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау;
– салауатты өмір салтын кеңінен ұсыну.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлықтың рөлі, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы іс-әрекеттер туралы жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенттерімен АИТВ жөніндегі ақпараттық кездесу

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігерлері С. Дулатбаева мен Д. Абдраманова «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты науқан аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті студенттеріне ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында мамандар Қазақстандағы, сондай-ақ Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының ағымдағы эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, өңірде атқарылып жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстардың маңызын түсіндірді.
Дәріс барысында АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, салауатты өмір салтын ұстанудың мәні туралы кең көлемді ақпарат ұсынылды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дәрігерлер тарапынан жан-жақты әрі кәсіби жауап алды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу болып табылады.

Тараз гуманитарлық-техникалық колледж студенттеріне ақпараттық дәріс

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының психолог маманы М.Бегманова Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты — АИТВ-инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, қоғамның ақпараттану деңгейін арттыру, денсаулыққа жауапты көзқарасты насихаттау және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Дәріс барысында психолог М. Бегманова қатысушыларға АИТВ-ның таралу жолдары, алдын алу тәсілдері, қазіргі емдеу мүмкіндіктері және антиретровирустық терапияның тиімділігі туралы толыққанды мәлімет берді. Сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарастың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауаптар алды.
Іс-шара соңында әр адамға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы жөнінде маңызды кеңестер ұсынылды.

Жастар мен дәрігерлер арасында ашық диалог

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігерлері С. Дулатбаева мен Д. Абдраманова «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты науқан аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Технологиялық факультеті студенттеріне ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында мамандар Қазақстандағы, сондай-ақ Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының ағымдағы эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, өңірде атқарылып жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстардың маңызын түсіндірді.
Дәріс барысында АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, салауатты өмір салтын ұстанудың мәні туралы кең көлемді ақпарат ұсынылды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дәрігерлер тарапынан жан-жақты әрі кәсіби жауап алды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу болып табылады.

Жамбыл облысында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен челлендж өтті

1-желтоқсан  Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оныменкүрес жүргізу орталығы «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен Тараз қаласының студенттері арасында ауқымды челлендж ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың және басқа да аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, жастардың ақпараттылығын арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын дамыту, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Челлендж ерекше форматта басталды. Орталықтың дәрігерлері мен мамандары бірнеше көлікпен сап түзеп, еліміздің көк туын желбірете отырып, қала аумағындағы университеттер мен колледждерді аралады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол полициясы қызметкерлерінің сүйемелдеуімен  жүріп өтті.

Шараны ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова ашып, қатысушыларды белсенділік танытуға шақырды. Челлендж ең алдымен Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде бастау алып, студенттер эстафетаны Жамбыл жоғары медициналық колледжіне жолдады. Одан кейін Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің, Тараз сервис және технология колледжінің студенттері челленджді жалғастырып, басқа оқу орындарына жолдап отырды. Осылайша, жастар арасындағы челлендж қаланың бірнеше оқу орнында қарқынды түрде өрбіді.

Челлендж барысында орталықтың дәрігерлері мен психологтары АИТВ-ның алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жастар орталығы мен жастар денсаулық орталығының мамандары да қатысып, студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға, аурулардың алдын алуға шақырды.