Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл телерадиосына сұхбат берді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының инфекционист дәрігері К.Сметова «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты науқан аясында Жамбыл телерадиосында “Денсаулық” хабарына сұхбат берді.
Сұхбат барысында Кулмира Есмуратовна аудиторияға Қазақстандағы, соның ішінде Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын атап өтіп, өңірдегі алдын алу шараларының өзектілігі мен тұрақты ақпараттық жұмыстың маңызын түсіндірді.
Одан әрі АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары, қазіргі замандағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жөнінде толық ақпарат берді.
Сонымен қатар, сұхбатта халықтың ақпараттану деңгейін көтеру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру және стигма мен кемсітушілікке жол бермеу әрекеттерінің маңыздылығы кеңінен талқыланды.

Жуалы ауданында студенттермен кездесу өтті

24 қараша күні Жуалы №16 колледжінде дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында кездесу өтті. Мақсат — жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат беру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шараға Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова, колледж директоры М. Иманбаев және «Сенім» жастар денсаулық кабинеті мамандары қатысты. Студенттер түрлі ойындар мен викториналарға қатысып, маңызды ақпараттармен танысты.
Кездесу соңында ниет білдіруші қатысушылардан жедел тест алынып, олардың денсаулығына назар аудару маңызды екені тағы бір мәрте айтылды.

№41 А. Пушкин атындағы көпсалалы гимназияда ақпараттық дәріс өтті

Тараз қаласы білім бөлімінің №41 А. Пушкин атындағы көпсалалы гимназиясында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында психолог Г. Шамурзаева жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен бірге салауатты өмір салтының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Шара соңында оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестер берілді.

“Dr. Watson English Pub”- та  ВИЧеринка өтті

24 қараша күні Жамбыл облысындағы “Dr. Watson English Pub” ағылшын мейрамханасында дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ерекше іс-шара – ВИЧеринка ұйымдастырылды. Бұл шара Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен облыстық жастар орталығының бірлескен ұйымдастыруымен өтті. Мақсат – АИТВ-инфекциясының, ЖЖБИ мен басқа да аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын дамыту, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

ВИЧеринка басталуының алдында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова мейрамхана қонақтары мен ойынға қатысушыларға сәттілік тілеп, іс-шараның қызықты әрі пайдалы өтуін тіледі. Индира Мумархановна АИТВ туралы маңызды ақпараттарды жастар арасында тарату қажеттігін атап өтті және жастардың белсенді қатысуы шараның маңыздылығын арттыратынын айтты.

ВИЧеринкаға Жамбыл облысының әртүрлі мекемелерінен жастар қатысты. Сондай-ақ, ЖИТС орталығының жастары да арнайы команда құрып, шараға белсене атсалысты. Іс-шара барысында қатысушылар ойындарға қатысып, АИТВ туралы ақпаратты көңілді және шығармашылық түрде меңгерді. Командалар бір-бірімен жарысып, әртүрлі тапсырмаларды орындап, жеңімпаздар анықталды.

ВИЧеринка соңында белсенді қатысушыларға түрлі сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Бұл марапаттар жастардың шараға қосқан үлесі мен АИТВ тақырыбындағы білім деңгейінің жоғары екенін атап өту үшін берілді. Шара қатысушылары осылайша тек көңілді уақыт өткізіп қана қоймай, маңызды ақпараттарды да меңгерді.

Жуалы ауданында семинар өтті

24 қараша күні Жуалы аудандық орталық ауруханасында дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында эпидемиологиялық жағдай мен АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі профилактикалық шаралар талқыланды. Әсіресе жастарды АИТВ-дан сақтандыру, оларға дұрыс ақпарат беру және қауіпті мінез-құлықтан сақтандыру қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді.
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова семинарға қатысып, АИТВ-ның таралуының алдын алу үшін медициналық мамандардың рөлі, қоғамдық денсаулықты сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Ол халық арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту, ақпараттық науқандарды жиі ұйымдастыру және жастарды дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету маңыздылығын атап өтті.
Семинар соңында жастар денсаулық орталығының жұмысымен танысу шарасы өтті. Орталықтың қызметі жастар арасында денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты кеңестер беру, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу мен оған қатысты дұрыс түсінік қалыптастыруға бағытталған.

Қала тұрғындарымен жүргізілген сұқбат

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М.Бегманова «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен қала тұрғындары арасында сұрақтар қойып АИТВ туралы халықтың қаншалықты білімі бар екенін анықтады. Бұл іс-шара АИТВ жайлы ақпараттың кең таралуына және адамдардың бұл тақырыптағы білімін арттыруға бағытталған.

Білім беру саласындағы қызметкерлерге – АИТВ бойынша дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева және эпидемиолог М.Бегманова Жамбыл облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, Zoom платформасы арқылы кең көлемді онлайн-дәріс өткізді. Іс-шараға облыстың 215 білім беру мекемесінен 450-ге жуық педагог мамандар, оның ішінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар және медбикелер қатысты.

Кездесудің басты мақсаты –
🔹 АИТВ/ЖИТС, ЖЖБИ және өзге де жұқпалардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
🔹 Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайту;
🔹 Қоғамда денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын дамыту;
🔹 Жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау;
🔹 Педагогтардың ақпараттану деңгейін арттыру арқылы алдын алу шараларын күшейту.

Онлайн дәріс барысында мамандар АИТВ туралы маңызды алдын алу жұмыстарымен бөлісті. Сондай-ақ білім беру мекемелерінде оқушылармен тиімді профилактикалық жұмыс жүргізу жолдары талқыланды.

Бұл бастама — өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға, жас буынның денсаулығын қорғауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Кадастр, жерге орналастыру және экология факультеті студенттеріне АИТВ туралы ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева және психолог маманы Г. Шамурзаева Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің кадастр, жерге орналастыру жіне экология факультетінің студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
– жастарға АИТВ/ЖЖБИ туралы ғылыми негізделген, дұрыс ақпарат жеткізу;
– жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
– ақпараттық сауаттылықты арттыру;
– денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау;
– салауатты өмір салтын кеңінен ұсыну.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлықтың рөлі, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы іс-әрекеттер туралы жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, ниет білдірген студенттердің медициналық пунктте ИФТ әдісі арқылы өз еркімен қан тапсыра алатыны хабарланды.

Архитектура факультеті студенттеріне АИТВ туралы ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің Архитектура факультеті студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ақпараттық дәріс өткізіп, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
– жастарға АИТВ/ЖЖБИ туралы ғылыми негізделген дұрыс ақпарат беру;
– жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
– ақпараттық сауаттылықты арттыру;
– денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту;
– салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу тәсілдерін, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызын, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы күрес жолдарын жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, ниет білдірген студенттердің медициналық пунктте ИФТ әдісі арқылы өз еркімен қан тапсыра алатыны айтылды.

Су ресурстары және гидротехникалық құрылыс факультеті студенттеріне АИТВ туралы ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева және психолог маманы Г. Шамурзаева Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
– жастарға АИТВ/ЖЖБИ туралы ғылыми негізделген, дұрыс ақпарат жеткізу;
– жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
– ақпараттық сауаттылықты арттыру;
– денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау;
– салауатты өмір салтын кеңінен ұсыну.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлықтың рөлі, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы іс-әрекеттер туралы жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, ниет білдірген студенттердің медициналық пунктте ИФТ әдісі арқылы өз еркімен қан тапсыра алатыны хабарланды.