Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Мейірім» жастар денсаулық орталығы ашық есік күнін ұйымдастырды

«Мейірім» жастар денсаулық орталығы ашық есік күнін ұйымдастырды

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай №8 қалалық емхананың «Мейірім» жастар денсаулық орталығы тұрғындарға арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс әрі ғылыми дәлелденген ақпарат беру, жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, жауапты мінез-құлықты насихаттау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру.
Келушілер үшін тегін кеңес беру, жылдам тестілеу, дәрігер-мамандармен жеке әңгімелесу мүмкіндігі ұйымдастырылды.
Жастар арасында қауіпсіздік ережелері, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау тақырыптарында ақпараттық жадынамалар таратылды.

Жамбыл ауданында ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция өтті

 

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Жамбыл аудандық орталық емхана жанындағы «Сенім» жастар денсаулық орталығы
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен жастарға арналған ақпараттық акция ұйымдастырды.
Акцияның негізгі мақсаты – жастарды АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ғылыми негізделген ақпаратпен қамтамасыз ету, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін нығайту және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Шара барысында мамандар жастармен ашық диалог жүргізіп, АИТВ-ның жұғу және жұқтырмау жолдарын түсіндірді.
Қатысушыларға арнайы ақпараттық бүктемелер, жадынамалар таратылып, алдын алу бойынша кеңестер берілді.
Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

№67 орта мектепте дәріс өтті

Тараз қаласы білім бөлімінің №67 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырды.
Кездесу барысында психолог Г. Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау және қоғамда стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы дәріс өтті. Сондай-ақ, салауатты өмір салтының адам өміріндегі рөліне ерекше тоқталды.
Шара соңында ЖИТС орталығының мейірбикесі А.Кокибаева оқушыларға ақпараттық парақшалар таратып, АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары жөнінде пайдалы кеңестермен бөлісті.

Шу қаласында тұрғындарға арналған ашық есік күні

 

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Шу қалалық емханасының Жастар денсаулық орталығы бірлесіп, тұрғындарға арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс әрі ғылыми негізделген ақпарат беру, жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, жауапты мінез-құлықты насихаттау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру.
Келушілер үшін тегін кеңес беру, жылдам тестілеу, дәрігер-мамандармен әңгімелесу мүмкіндігі ұсынылды.
Жастар арасында қауіпсіздік шаралары, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету тақырыптарында ақпараттық жадынамалар таратылды.
Қатысушылар мамандардан өздерінің сұрақтарына жауап алып, аурудың алдын алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет алды.

Кешкі орта мектепте ақпараттық кездесу өтті

Тараз қаласы білім бөлімінің Кешкі орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу ұйымдастырып, АИТВ-инфекциясының алдын алу жөнінде түсіндіру жөнінде кездесу өткізді.
Жиын барысында психолог Г. Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қоғамдағы стигма мен кемсітушілікті болдырмау туралы жан-жақты ақпарат жеткізді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын атап өтті.
Іс-шара соңында оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, алдын алу шаралары бойынша пайдалы мәліметтер ұсынылды.

Жастарға арналған АИТВ туралы ақпараттық кездесу

 

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен Байзақ СӨС медбикесі және Жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері 9-сынып оқушыларына «АИТВ инфекциясы туралы біл!» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Оқушыларға АИТВ жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері және қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы түсіндірілді.
Тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық оқу материалдары таратылды.
Мамандар жасөспірімдердің сауалдарына жауап беріп, денсаулықты қорғауға қатысты пайдалы кеңестермен бөлісті.

№54 орта мектепте ақпараттық дәріс өтті

Тараз қаласы білім бөлімінің №54 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу кезінде психолог Г. Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ-ның берілу жолдары, жыныстық жолмен таралатын инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қоғамда стигма мен кемсітушіліктің алдын алу жайында мазмұнды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, салауатты өмір салтының маңыздылығына тоқталды.
Шара соңында орталықтың мейірбикесі А. Көкебаева оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратып, АИТВ-ның алдын алу бойынша қажетті кеңестер берді.

АИТВ алдын алу ашық есік күні өтті

 

Байзақ аудандық орталық ауруханасының Әйелдер кеңес беру бөлімінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай тұрғындарға арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ашық есік күні өткізілді.
Шара барысында мамандар жүкті әйелдерге АИТВ-инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары мен қорғану тәсілдері туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ерте диагностиканың маңызы, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы тиімді тәсілдер ерекше атап өтілді.
Қатысушыларға ақпараттық оқу материалдары таратылып, тақырыпқа сәйкес бейнеролик көрсетілді, бұл ақпаратты жеңіл қабылдап, дұрыс түсінуге мүмкіндік берді.
Мамандар жүкті әйелдердің жеке сұрақтарына жауап беріп, денсаулықты сақтау бойынша пайдалы кеңестер ұсынды.

Қыздар арасында волейболдан облыстық турнир өтті

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Тараз қаласының «Құмшағал» тұрғын алқабындағы дене шынықтыру кешенінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен қыздар арасында волейболдан облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, қоғамның ақпараттану деңгейін көтеру, денсаулыққа жауапты көзқарасты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, турнир жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталды.

Іс-шара қатысушылардың жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға, медициналық қызметкерлерге деген сенімін арттыруға және белсенді өмір салтына деген қызығушылығын ынталандыруға ықпал етті.

Турнир Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен өтті.

Жарысқа облыстың әртүрлі колледждерінен келген студент қыздардан құралған 6 команда қатысты. Әр команда 8 ойыншыдан құралып, ойындар халықаралық стандарттарға сәйкес өткізілді. Турнир барысында қатысушылар арасында спорттық рух пен өзара ынтымақтастық қалыптасты.

Жеңімпаздар: І орын – «Парасат» жоғары колледжі; ІІ орын – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі; ІІІ орын – Тараз сервис және технология колледжі.

Жүлделі орын алған командалар арнайы кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Облыстық турнир жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, қоғамда АИТВ инфекциясының алдын алу мәдениетін қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше үлес қосты.

№33 орта мектепте АИТВ-ның алдын алу тақырыбында дәріс өтті

Тараз қаласындағы №33 орта мектепте ЖИТС орталығы маманы Г.Шамурзаеваның ұйымдастыруымен «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен оқушыларға арналған дәріс өтті.
Іс-шара барысында орталықтың психолог маманы Г. Шамурзаева оқушыларға АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында ақпараттық бүктемелер таратты.