Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Психикалық денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған АИТВ бойынша семинар

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Ниязалиева Фируза, Садыбекова Ғалия, Дегтерева Ирина Тараз қаласының облыстық психикалық денсаулық Орталығының мамандары Ниязалиева Фируза, Садыбекова Ғалия, Дегтерева Ирина Тараз қаласының облыстық психикалық денсаулық Орталығының медицина қызметкерлері үшін семинар өткізді. Жамбыл облысында АИТВ індетін жұқтырған жаңа жағдайлар тіркелуіне байланысты,  облыстық ЖИТС орталығы АИТВ туралы білімді арттыру үшін, денсаулық сақтау қызметкерлерімен жүйелі түрде кездесулер өткізеді. Семинарда келесі тақырыптар қаралды: Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай, тестілеудің ережелері мен көрсеткіштері, кәсіптік жұқпаларды алдын алу шаралары, қолданыстағы құқықтық құжаттар және денсаулық сақтау қызметкерлері арасында АИТВ туралы сауалнама.

Облыстық наркологиялық диспансеріндегі семинар

2019 жылдың 29 наурызында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары облыстық наркология диспансердің медицина қызметкерлері үшін семинар өткізді. Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер -эпидемиологы Дегтерева Ирина ҚР және Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етті, жұқпалы аурулар дәрігері Ниязалиева Фируза байланыстан кейінгі алдын алу туралы, эпидемиолог-дәрігер Садыбекова Ғалия АИТВ алдын алу туралы мәлімет берді. Қатысушылардың АИТВ туралы білімдерін айқындайтын медициналық қызметкерлерге сауалнама жүргізді.

Тараз қаласындағы №2 қалалық аумақтық емханасында өткен семинар

2019 жылдың 27 наурызында Жамбыл облыстық Житс орталығының мамандары АИТВ тестілеуді кеңейту, сонымен қатар АИТВ жұқтырған науқастарды аурудың ерте кезеңдерінде белсенді түрде анықтау мақсатында №2 қалалық емхана қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Емхана дәрігерлеріне Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. ҚР ДМӘД №508 23мамыр 2015жылынан бұйрығына сәйкес , клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ жұқпасына пациенттерді міндетті түрде құпия медициналық тексеруді жүргізу тәртібіне ерекше көңіл бөлінді.  Оппортунистік ауруы бар, АИТВ жұқпасының мүмкіндігі бар тұлғаларды зерттеуге тыңдаушылардың назарын аударды. Медициналық іс-шаралар кезінде кәсіптік АИТВ індетін болдырмау мақсатында, төтенше жағдайлар модельдері қаралды (қажет болған жағдайда) кейіннен антиретровирустық терапия қарастырылды. ҚР ДСӘД 01.08.2017 ж.№64 бұйрығына сәйкес және 6.1 нысана бойынша, халық арасында АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат анық көрсетілді.

Кәсіби этиканың және деонтология мәселелеріне , дәрігерлердің құқықтық жауапкершілігіне ҚР ДСӘД  01.08. 2017ж№64 бұйрығына сәйкес, және 6.1 нысана бойынша, халық арасында АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат анық көрсетіледі. Кәсіби этиканың, деонтология мәселелеріне, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дәрігерлердің құқықтық жауапкершілігіне, АИТВ жұқтырғандардың құпиясын сақтауға ерекше назар аударылады.

«ARAI» Медициналық орталығында өткен семинар

2019 жылдың 19 наурызында «ARAI» Медициналық орталығының мәжіліс залында облыстық ЖИТС мамандары эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Г.А., эпидемиолог-дәрігер Ахметова Г.Т., емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ниязалиева Ф.А., ИФТ зертхананың меңгерушісі Каримова В.М., алдын алу бөлімінің эпидемиолог-дәрігерлері Мамедова Т.М. және Аушенова К.Б. Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысында АИТВ жұқпасының таралу деңгейі, АИТВ бойынша жаңа құқықтық және нормативтік базасы, АИТВ жұқпасына жататын контингенттерді тестілеу ережесі және кәсіби жұқтырылуын алдын алу туралы мәлімет беру үшін, орталық мамандарына семинар өткізді.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Г.А. ҚР және Жамбыл облысы бойынша 2018жылы АИТВ жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. ҚР ЖСӘД № 508 2015 жылғы 26 маусымынан «АИТВ жұқпасын анықтау мақсатында міндетті құпия медициналық сараптамадан өту ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ол АИТВ жұқпасының клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша пациенттерді тексеру мәселелеріне тоқталды. Жоғары қауіпті топтағы медицина қызметкерлері арасында АИТВ анықтауда енгізілген өзгерістер туралы хабарланды. Эпидемиолог-дәрігер Ахметова Г.Т. АИТВ, ВГС, ВГВ індеттерін жұқтырудың алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. АИТВ жұқтыру қаупі және медициналық қызметкерлерді жұқтыру қаупін бағалаумен байланысты төтенше жағдайлар модельдері қаралды. Кәсіптік АИТВ жұқпасын болдырмау мақсатында байланыстан кейінгі алдын алу шараларын дереу өткізу, жазатайым оқиғаларды журналда тіркелуі, кейіннен облыстық ЖИТС орталығының кеңес берілу мәселелеріне тыңдаушылар назарын аударды.

Тамақ өнеркәсібінің мамандарына АИТВ туралы

2019 жылдың 13 наурызында облыстық ЖИТС орталығының дәріскері Жакенова Рахима Тараз қаласындағы Қызмет көрсету және технология колледжінің студенттерімен «Жастар арасында АИТВ жұқтыру қаупін төмендету» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Болашақ аспаздар, кондитерлер АИТВ таралу жолдары, инъекциялық есірткі тұтынушылар, стигма мен дискриминация, жыныстық жолмен жіберілетін инфекцияларды (ЖЖЖИ) жұқтыру қаупі туралы әңгімеге белсене қатысты. Тестілеу және олардың түрлері, өз АИТВ статусын білу мәселелері қызу талқыланды. 

Ақпарат

Сіздер , барлық денсаулық сақтау мәселесі бойынша Жамбыл облыстық өңірлік  Call-орталығына тегін хабарлассаңыздар болады:

Қалалық нөмірі бойынша 1302

Ұялы операторлар байланысы: 8-800-080-4821

Жұмыс уақыты : сағат 8:00-20:00

Сенбі:9:00-14:00

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында өткен семинар-кеңес

2019 жылдың 15 наурызында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында Жамбыл облысы ЕАҰ АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Ерлан Исмагуловтың құттықтау сөзімен ашылды. Семинар бағдарламасымен Бас дәрігердің орынбасары Абдикеримова О.Ж. қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Тұсаукесерлерін АИТВ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Г.А, емдеу бөлімінің инфекционист-дәрігері Байдаулетова Г.Т., зертхана меңгерушісі Каримова В.М., алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғ.Ү. ұсынды.Олар қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ жұқтырғандарды диспансеризация жұмыстарымен, АИТВ айқындауға қан алу әдістерімен таныстырды. Медициналық ұйымдар және АМСК АИТВ/ЖИТС халық ішінде алдын алу шаралары туралы әңгімеледі. Облыстың, қаланың және жеке медициналық мекемелерінің 67 медицина қызметкері қатысты. Сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Жамбыл облысында ЕАҰ АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша жыл сайынғы семинар-кеңес өткізілді.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында Жамбыл облысында ЕАҰ АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша семинар-кеңес өтті.Семинарға АИТВ жауапты мамандар, қалалық және аудандық емдеу мекемелерінің эпидемиолог-дәрігерлері қатысты.
Іс-шара Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Ерлан Исмагуловтың құттықтау сөзімен ашылды. Семинардың ауқымды бағдарламасы түрлі профильдегі мамандардың ортаға салған ойларын қамтыды.
Жамбыл ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Гүлжан республика және Жамбыл облысы бойынша АИТВ індетін жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып,сонымен бірге негізгі мәселелер мен олардың шешімдерін атап өтті.
АИТВ оң науқастарды диспансеризациялау бойынша жұмыстар туралы дәрігер-инфекционист Гүлнар Байдәулетова әңгімеледі.
Өз кезегінде, облыстық қан орталығының ИФТ зертханасының меңгерушісі Венера Каримова «Вакуум жүйелерін қолдану арқылы қан үлгілерін іріктеу ережелері. Жамбыл облысы бойынша 2018 жылғы ЕАҰ пікірлер » тақырыбына баяндама жасады.
Эпидемиолог-дәрігер Александр Цзи «Жамбыл облысы бойынша қан алушылар үшін АИТВ тестілеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбына баяндама оқыды.
Семинардың соңында алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия медициналық ұйымдар деңгейінде халық арасында АИТВ жәнеЖИТС алдын алу туралы маңызды ақпарат берді.
– Біз алдын алу семинарларына жиі барамыз, деді инфекциялық бақылау перинаталдық орталықтың медбикесі Қарлығаш Аленова.
– Біз алған білім өте маңызды, себебі АИТВбайланысты жағдайды үнемі қадағалап отыруымыз керек және тиісті бұйрықтар бойынша қатаң жұмыс істеу керек.

«Тәлімгерлер мектебінде» өткен кураторларға арналған дәріс.

2019 жылдың 12 наурызында Тараз қаласының М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеті (ТарМУ) жанындағы (Мансаптық және кәсіптік өсу) орталығында барлық факультеттердің кураторлары үшін (Студенттер арасында АИТВ/ЖИТС алдын алуда кураторлардың рөлі) тақырыбына дәріс берілді.Облыстық ЖИТС орталығының тәлімгері Жакенова Рахима қатысушылардың АИТВ және ЖИТС бойынша теріс ой-пікірлерін жойып, оларды жұқпаның таралу жолдары туралы ақпараттандырып, тұжырымдама берді. АИТВ жыныстық жолмен таралуының өсуі бүгінгі күні маңызды мәселе болып табылады. Стигма мен дискриминация, АИТВ жұқпасына тестілеу көпшілікке насихатталып жатқаны туралы айтылды. Ұстаздар мүшеқаптардың түрлері және олардың АИТВ жыныстық жолмен таралуының болдырмау шаралары мәселелерін талдауға белсене қатысты. Ата-аналарының бірінде оң АИТВ болған жағдайда, сау балаларды дүниеге әкелу мүмкіндігі бар екендігі туралы айтылды.

№64 «Қазақстан Республикасында АИТВ бойынша қарсы шараларын бағалау және мониторинг жүргізу нұсқаулығы» бұйрығына сәйкес есептік нысаналары.

№64 «Қазақстан Республикасында АИТВ бойынша қарсы шараларын бағалау және мониторинг жүргізу нұсқаулығы» бұйрығына сәйкес есептік нысаналары.

 

Сауалнама орыс.

Сауалнама қазақ.