Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ мәселелері бойынша Т.Рысқұлов ауданының педагогтары білімдерін арттырды

Ауданның 30 мектебінен педагогтар, психологтар, әлеуметтік педагогтардың қатысуымен «Мектеп жағдайында АИТВ ның алдын алу » тақырыбында 23.11.2018ж. семинар-тренинг өткізілді. Ауруды жұқтыру мен таралу қаупін төмендету үшін әр адамға АИТВ мен ЖИТС, олардың берілу жолдары туралы кеңірек мағлұмат берілді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасында өсіп келе жатқан өз құрдастарынан психикалық даму жағынан ерекшеленетіні жайлы, олардың АИТВ инфекциясының алдын алуға қалай әсер ететіні туралы мәселе қозғалды. Жасөспірімдерді АИТВ дан сақтандыруда ата-аналармен жұмысты өзек етіп алғанымыз жөн деді облыстық ЖИТС орталығының педагогі Р.Жакенова. Сонымен қатар Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасында АИТВ ның эпидемиологиялық ахуалына эпидемиолог дәрігер Ғ.Садыбекова ақпарат берді.

АИТВ инфекциясы бойынша алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету қызметкерлерінің білімін жоғарылату

«АМСК жағдайында АИТВ-ның алдын алу бойынша тұрғындарға медициналық психоәлеуметтік кеңес» тақырыбындағы семинар тренингті Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында ағымдағы жылдың 24 қарашасында өткізді. Семинарға ауданның ОДА, АЕ, ФАП, МП медициналық қызметкерлері, психологтары барлығы 47 адам шақырылды. Облыстық ЖИТС орталығы профилактика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова кеңес берудің негіздері туралы ақпараттарға: таралу жолдары, алдын алу шаралары, Жамбыл облысы мен Қазақстан Республикасында АИТВ ның эпидемиологиялық ахуалы, иммундық жүйе және оның ерекшеліктеріне толық қанды тоқталды. Облыстық ЖИТС орталығының педагогі Р.Жакенова АИТВ індетінің таралуының алдын алу мәселесінің маңыздылығы жайында, бұл жағдай осы мәселемен айналысатын мамандардың ғана емес, әр адамның жұқтыруы мүмкін қауіптілігін сезінетін қоғамның бір бөлігінің алаңдатушылығын туғызатындығы жайлы, қалыптасқан жағдайда АИТВ ның алдын алудың ең тиімді жолы білім беру болып табылады деді.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін медициналық колледждің білімгерлері атап өтті

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясына орай 20.112018ж. Жамбыл медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімшесінің студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Жамбыл облысында, Қазақстан Республикасында және әлемде АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық ахуалы туралы облыстық ЖИТС орталығының АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Рамиль Перзадаев толық мағлұмат берді, сонымен қатар АИТВ-ның жұғу жолдарына, емдеу, диагностикалау және алдын алу шараларына тоқталды. Облыстық ЖИТС орталығының педагогі Рахима Жакенова Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес  Кампаниясының мақсаты мен міндеттеріне және жыл сайын тағайындалатын «Өз статусыңды біл» атты ұранының мағынасы туралы түсіндірме жұмыстарын талқыға салды. Колледж педагогі Гүлнара Токкулиева АИТВ мәселесінің өзектілігін және болашақ медицина қызметкерлерінің өз ісіне жауапкершілігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды.

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Тіпті, қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ. Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих. Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды.
Толығырақ: https://www.egemen.kz/article/178090-nursultan-nazarbaev-uly-dalanynh-zheti-qyry

АИТВ сұрақтары бойынша Жуалы ауданының педагогтары семинарға қатысты

«Мектеп жағдайында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында Жуалы ауданы педагогтарының қатысуымен 16.11.2018ж. №1 мектеп-гимназиясында әдістемелік семинар-тренинг өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ғалия Садыбекова Жамбыл облысында және Қазақстан Республикасында АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалы жайында, жастар арасында осы мәселенің өзектілігі туралы педагогтардың ақпараттану деңгейін көтерді. Облыстық ЖИТС орталығының педагогі Р.Жакенова АИТВ туралы жасөспірімдерге кеңес берудің ерекшеліктеріне тоқталды. Педагогтар шағын топтағы жұмыстарын шығармашылықпен атқарып, АИТВ инфекциясы жеке адамға, отбасына, тұтас қоғамға қалай әсер ететіні жайлы ойларын ортаға салды. Семинар-тренингке ауданның 33 мектебінен педагогтар қатысты.

АИТВ сұрақтары бойынша тұрғындарға кеңес беру дағдыларына медициналық қызметкерлерді оқыту

Медициналық санитарлық көмек көрсететін (МСАК) Жуалы ауданы медициналық қызметкерлерін АИТВ инфекциясы туралы оқыту бойынша Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары жұмысын жалғастыруда. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы профилактика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова семинарға қатысушыларды алғашқы базалық ақпаратпен таныстырды: АИТВ-ның алдын алу шаралары және таралу жолдары, Жамбыл облысында және Қазақстан Республикасында АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалы, медициналық-психоәлеуметтік кеңес беру туралы, қорғаныш жүйесінің қызметі туралы. Облыстық ЖИТС орталығының педагогі Рахима Жакенова «стигматизация » мен «кемсітушілік» ұғымдарына анықтама берді. АИТВ-мен өмір сүруші адамдарға көмек және қолдау көрсету дайындығын тәрбиелеу жайлы сөз қозғалды. Семинарға қатысушылар «Кемсітушілік» жаттығуына жұппен жұмыс жасады.  Қатысушыларға АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың құқықтарын қорғау мен қолдауда қандай жақсы істер жасауға болатынын ойлану ұсынылады. Семинардың соңында АИТВ біліміне сауалнама жүргізілді.

«Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС-ның эпидемиологиялық ахуалы, онымен күрес жүргізу, зертханаға қан алу тәртібі» атты семинар-кеңес

2018 жылдың 16 қараша күні облыстық қан орталығының мәжіліс залында медициналық мекемелер мен жеке меншік медициналық емдеу уйымдары  арасында «Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС-ның эпидемиологиялық ахуалы трасплантация/гемотрансфузияны инфекциядан қауіпсіздендіруді қамтамасыздандыру және медициналық қызметкерлердің кәсіптік жұқтыруы»  атты тақырыбы бойынша семинар-кеңес откізілді.

Семинар-кеңесте облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігердің ұйымдастыру әдістемелік бөлімі жөніндегі орынбасары Абдикеримова О. Ж. және АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Перзадаев Р. О. мәжіліс бағдарламасын хабарлады. Сондай ақ семинар-кеңесте «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №246 бұйрығының орындалуы. Қан құюдың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар» атты тақырып бойынша Жамбыл облыстық  ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Цзи А.С. мәлімет берді.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің аурухана ішілік эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Цай Ю.Г.  2017 жылдың 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» жөнінде толық ақпарат берді.

«Донорлық қанның қомпоненті мен инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбына облыстық қан орталығының қанды тестілеу және инфекцияны зертханалық диагностикалау бөлімінің меңгерушісі Жаманкулова П.М. назар аударды.

Семинар-кеңестің  соңында облыстық ЖИТС орталығының зертхана меңгерушісі Каримова В.М. және эпидемиолог дәрігер Когай В.Г. «Вакуумды жүйенің көмегімен қан алу ережесі. Экспресс-тест әдісімен АИТВ-ға тестілеу»және «Адамның АИТВ-инфекциясына иммуноферменттік талдау әдісімен қанды зертханалық зерттеудің нәтижелері туралы есеп,№4 нысан» тақырыптарын  толық жеткізе білді.

Ақпарат беруші дәрігерлерге көптеген сұрақтар қойылды және сол сұрақтарға толық нұсқада жауаптар қайтарылды.

Жалпы есеппен семинар-кеңеске облыстық медициналық мекемелер мен жеке меншік медициналық емдеу уйымдарының атынан келген қатысушылар саны 70 адамды құрады. 

Жамбыл облысында «Өз статусыңды біл» кампаниясы басталды

Жамбыл облыстық жұқтырылғын иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес  орталығында 15 қараша күні «Өз статусыңды біл» Дүниежүзілік кампания шеңберінде Дүниежүзілік ЖИТСке қарсы күніне арналған  айлық жүруде.

 

Айлық пресс-конфернцияның  өтуімен ашылды. Конфернцияға облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымның өкілдері, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерінің қатысуымен болып өтті.

 

Іс-шараны «Тараз АнтиВИЧ» қоғамдық қорының директоры Р.Перзадаевтың сөзімен басталды. Елдегі болып жатқан эпидемиологиялық жағдайға ерекше тоқталып өтті.

 

Өзінің кезегінде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Г.Садыбекова Жамбыл облысында барлық тіркелген АИТВмен өмір сүретін адамдар саны – 1255 адам құрайтының хабарлады.

 

Баспасөз конфернциясы барысында баяндамашылар «Өз статусыңды біл» кампанияның өткізілуі еліміздің әрбір азаматы үшін АИТВ-ға тестілеуді дәріптеуге бағытталғанын атап өтті. Бүкіл әлемде, соны ішінде Қазақстанда АИТВ тестілеуге әлі де кедергі бар. ЮНЭЙДС бағалауы бойынша, АИТВ өмір сүріп жатқан адамдар әлі де өз статусын білмейді. АИТВ-ға тест тапсыруға стигма және кемсітушілік кедергі келтіруде. Жасырын тестілеу жолы проблема болып қалып отыр.

 

Кездесу қонағы «Салауатты Өлке Жан Нұр» қоғамдық қорының президенті Заида Арынбаева өз ойын білдірді.

 

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Е.Исмагулов тілшілердің бірқатар сұрақтарына жауап берді  және жалпы халықтың өз статусын білу маңызды екенін баса айтып облыстың әрбір тұрғынына хабарлауға ниет білдірді.

 

 

 

 

 

 

АИТВ-ның алдын алу сұрақтары бойынша Жамбыл ауданы педагогтарын оқыту

Мектеп жағдайында АИТВ-ның алдын алу сұрақтарымен Жамбыл ауданы педагогтарын оқыту бойынша 09.112018ж. семинар-тренинг өткізілді. Жамбыл ауданы білім бөлімінің қолдауымен семинардың алдында Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін «Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогі Р. Жакенова дәріс оқыды. Семинар-тренингке ауданның 27 мектебінен педагогтар, психологтар және әлеуметтік педагогтар қатысты. Семинарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдар жайында, оларға деген көзқарас, кемсітушілік туралы тақырып көтерілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы және алдын алу шаралары, таралу жолдары мен мәселенің өзектілігі жөнінде ақпарат берді. Тренингте қатысушыларды топтарға бөліп бағдарламаға сәйкес тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Өткізілген іс-шараның кәсіби қажеттілікке сәйкес, берілген ақпараттардың пайдалы екендігі айтылды.