Тараз қ. «Тараз-Болашақ» колледжінде ұлттық ойындардан спорттық іс шараның келесі түрлері өткізілді: қол күрес, кім мықты, арқан тарту. Ұйымдастырушылар: «Жігер» жастар денсаулық орталығы, Облыстық ЖИТС орталығы, колледж басшылығы. Барлық факультеттің 1-2 курс студенттері қатысты. Жоғары курс студенттері музыкалық нөмірлермен қатысушыларды қолдап отырды. Жеңіске жеткендерді сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапаттау рәсімі жүргізілді.
Жаңалықтар
АИТВ бойынша тұрғындарға кеңес беру мақсатында медициналық қызметкерлерді оқыту
«Алғашқы медициналық санитарлық көмек жағдайында АИТВ бойынша тұрғындарға медициналық-психоәлеуметтік кеңес беру» тақырыбында Сарысу ауданының АОЕ, ОДА, ФАП, МП медициналық қызметкерлері үшін 27.10.2018ж. облыста жаңа жұқтыру жағдайларының алдын алу бойынша Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының Жол картасын басшылыққа ала отырып семинар-тренинг өткізілді. Кеңес беру білімі туралы түсіндірме жұмыстарын Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия жүргізді: эпидемиологиялық ахуал, алдын алу шаралары және берілу жолдары, психоәлеуметтіе кеңес беру түрлері мен жолдары, коммуникативтік дағдылар. АИТВ біліміне тестке дейінгі және кейінгі кеңес беру дағдыларын 2-3 адамнан топ құрып үйретілді. Ауданның орталық ауруханасының бас дәрігері Бегманованың қатысуы және оның АИТВ мәселелерінің өзектілігі мен тұрғындар арасында психоәлеуметтік кеңес жүргізу жұмыстарының маңыздылығы туралы қозғаған сөздері медициналық қызметкерлерге азық болды.
Сарысу ауданы педагогтарына АИТВ туралы өткізілген семинар-тренинг
Сарысу ауданы Саудакент ауылының Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде «Мектеп жағдайында АИТВ-алдын алу» та0ырыбында 2018ж. 27 қазанында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке ауданның 26 мектебінен педагогтар, психологтар, социологтар қатысты. Сарысу ауданы әкімдігі білім басқармасының уәкілі Жұмағұлова Бекзада АИТВ мәселесінің өсіп келе жатқан ұрпаққа маңыздылығын айта келе семинардың өткізілуіне өз үлесін қосты. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагог маманы АИТВ-ның алдын алу шаралары және таралу жолдары бойынша тренинг жүргізді. Педагогтардың АИТВ жайында біліктілігі оқушылардың осы тақырыпты игеруіне себеп болады деген сенімдеміз.
Жамбыл облысы Сарысу ауданында «Мектеп жағдайында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында педагогтар арасында өткізілген семинар-тренингтен презентация
Жастар АИТВ мен нашақорлыққа қарсы
Тараз қ. М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университетінің 1-3 курс студенттері арасында жоғары оқу орындарымен бірлескен жоспарға сәйкес дөңгелек үстел өткізілді. Басты тақырып «Салауатты өмір салтын ұстануда жастардың АИТВ/ЖИТС-қа көзқарасы «. Жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпарат берген мамандар: Облыстық ЖИТС орталығы, облыстық наркологиялық диспансер, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша мекеме, заң факультетінің тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары, педагогтар. АИТВ/ЖИТС және салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбында ашық әңгімелер айтылып, осыған қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар АИТВ жұқтыруға жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың және инемен есірткі тұтынудың әсері мен байланысы туралы сөз қозғалды.
Облыстық ЖИТС орталығы аудан медиктері үшін семинар-тренинг өткізді.
Алғашқы медициналық санитарлық көмек саласында қызмет атқаратын Меркі ауданының медициналық қызметкерлері үшін «Алғашқы медициналық санитарлық көмек жағдайында АИТВ мәселелері бойынша тұрғындарға кеңес» тақырыбында облыстық ЖИТС орталығының мамандары семинар-тренинг өткізді.
Өз аймағының тұрғындарын жетік білетін МП, ФАП, ОДА, ОАЕ қызметкерлері кездесуге бірінші кезекте шақырылды. Тұрғындармен алдын алу жұмысын жүргізудің негізі болып «ақпараттанған адам азулы» қағидасы саналды. АИТВ туралы ақпараттанған адам оны жұқтырудан да аулақ болады. Психоәлеуметтік кеңес сұрақтарына аса көңіл аударылды. Түрлі санаттағы тұрғындармен және шамалы топпен тәжірибе жүзінде кеңес беру дағдылары үйретілді. Тыңдаушылардың тәжірибелік сабақта жіберген кемшіліктерін облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия жұмыс барысында түзетіп отырды. Кеңестен кейін өткізілген тест Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының арасында бекітілген меморандум міндеттерін орындау дегенді білдіреді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы осындай семинар-тренингпен бірнеше ауданға іс-сапарға шығуды жоспарлап отыр.
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында өткізілген семинар
12.10.2018 жылы Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында мекеме мамандарының ұйымдастыруымен келесі жекеменшік медициналық ұйымдардың медициналық қызметкерлері үшін семинар өткізілді: «Жүрек» клиникасы, «Диал» стоматологиясы, «Оптимед» ЖШС, «Кардиохирургия орталығы» «Неке және жанұя» медициналық орталығы, облыстық балалар стоматологиясы, «Good look» медициналық орталығы, «Мейірім» медициналық орталығы.
«Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша тұлғаларды АИТВ инфекциясына міндетті жасырын медициналық тексеру ережелерін бекіту туралы» 23.06.2015 жылғы №508 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен семинарға қатысушыларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Р.О.Перзадаев таныстырды. АИТВ сұрақтары бойынша медициналық тексеруді жүргізудің реті туралы тақырыпты дәрігер эпидемиолог Цзи А.С. толық қанды ашты. АИТВ-ны кәсіптік жұқтырудың алдын алу және АИТВ инфекциясының клиникалық көріністеріне емдеу бөлімінің меңгерушісі Ниязалиева Ф.А. тоқталды. «АИТВ-ны зертханалық иммуноферменттік талдау әдісімен зеттеу туралы есеп» тақырыбында түсіндірме ақпаратпен зертхана меңгерушісі Калметова В.М. сөйледі.
Медициналық қызметкерлердің сұрақтарына толық қанды жауаптар қайтарылды.
Алғашқы медицико-санитарлық жәрдем жөніндегі жаһандық конференциясы
Тараз қ. облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында өткізілген семинар
Облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медициналық қызметкерлері үшін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы дәрігер эпидемиолог С. Дулатбаева 12.10.2018 жылы семинар өткізді. Семинардың мақсаты – АИТВ жұқтырған ауруларды аурудың ерте кезеңінде анықтау, АИТВ инфекциясын кәсіптік жұқтырудың алдын алу, АИТВ-мен өмір сүруші адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау.
АИТВ инфекциясы бойынша Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық ахуалмен эпидемиолог дәрігер Дулатбаева Сара таныстырды. Қазақстан Республикасының ДС және ӘД министрлігінің 23.06.2015 жылғы №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша АИТВ инфекциясына тұлғаларды міндетті жасырын медициналық тексеру ережелерін бекіту туралы»бұйрығына сәйкес АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштері бойынша пациенттерді тексеру мәселесі семинарда толық қаралды. Медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде туындайтын апаттық жағдайлар жайлы айтылды. Әрбір апаттық жағдайға сәйкес шаралар қолданылуы ұсынылды және кәсіптік жұқтыру болған жағдайда тіркеу жорналына жазып, облыстық ЖИТС орталығы мамандарынан кеңес алып, сонымен қатар керек болғанда антиретровирустық ем қабылдануы таралы ақпарат берілді. Іс әрекеттегі заңнамаларға сәйкес дәрігерлік жауапкершілік және құпияның сақталуы туралы мәселе көтерілді. Емхананың медициналық қызметкерлері АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық базасымен таныстырылды.
Байзақ ауданы медициналық кызметкерлеріне көрсетілген әдістемелік-кеңестік көмек
Жамбыл облысы Байзақ аудананына облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша әдістемелік-кеңестік көмек көрсету мақсатында іс сапарға шықты. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша ағымдағы бұйрықтар туралы эпидемиолог дәрігер Сара Дулатбаева ақпарат берді, сонымен қатар қан алуды дұрыс, сапалы жүргізу және уақытылы жеткізуді сөзге тиек етті. Әлеуметтік желілерде жұмысты жаңғырту, жастар және тұрғындар арасында алдын алу шараларын өткізу туралы профилактика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова толық жеткізді. Тұрғындар арасында және емдеу мекемелеріндегі пациенттерді кемсіту және таңбалау мәселесіне аса назар аударылды. Әдістемелік-тәжірибиелік көмек көрсетілгендердің қатарында МП, ФАП, ОДА, ОАЕ, ОАА медициналық қызметкерлері және дәрігерлер болды.