Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз қ. №1 қалалық ауруханасында өткізілген семинар-презентация

АИТВ инфекциясының алдын алуды ұйымдастыру сұрақтары бойынша Тараз қ. №1-ші қалалық ауруханасының медициналық қызметкерлері үшін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері аталған мекеменің мәжіліс залында 2018 жылдың 11-ші қазанында семинар өткізді. АИТВ инфекциясы бойынша Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасы бойынша эпидемиологиялық ахуалмен, 90-90-90 ЮНЭЙДС Стратегиясымен дәрігер эпидемиолог Ирина Дегтерева таныстырды. Ағымдағы жылдың 9 айында АИТВ-ға тестілеу бойынша аурухананың жұмысы, №4 есеп формасы көрсетілді. Клиникалық көрсеткіштері бойынша тұлғалардың, жүкті әйелдердің, қан реципиенттерінің  АИТВ-ға тексерілуінің толық қамтылуы, оларға дұрыс код қойылуына аса көңіл аударылуы туралы айтылды. АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі орын алған жағдайда жедел шараларды қолдану жайында қатысушыларға ескертілді. АИТВ-ға тестілеудің клиникалық көрсеткіштері туралы ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері Кулмира Сметова толық қанды ақпарат берді. Кездесудің соңында семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар қайтарылды.

Жамбыл облыстық балалар тіс емханасындағы семинар

АИТВ инфекциясының алдын алу сұрақтары бойынша Жамбыл облыстық балалар тіс емханасының медициналық қызметкерлері үшін аталған мекеменің мәжіліс залында 2018 жылдың 10 қазанында Жамбыл обдыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ирина Дегтерева семинар өткізді. Дәрігер эпидемиолог семинарға қатысушыларды АИТВ инфекциясы бойынша Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық ахуалмен таныстырды. АИТВ инфекциясы бойынша іс әрекеттегі нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде әдістемелік ұсыныстар көрсетілді. АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупіне байланысты апаттық жағдайларды қарастыруға аса көңіл аударылды. Апаттық жағдайға ұшырасқанда дер кезінде атқарылатын шаралар туралы және АИТВ-ны  кәсіптік жұқтыру болған жағдайда жарақатты тіркеу жорналына жазып облыстық ЖИТС орталығы мамандарынан кеңес алу қажеттілігі айтылды. Семинардың соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар қайтарылды.

АИТВ және ЖЖБИ өз ара байланысты

АИТВ жұқтыру қаупіне ағзада жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулардың бары да әсерін тигізетіні бұл күнде әрбір жасқа мәлім және сол қауіптің 2-5 есе артатыны анық. Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің пациенттері арасында алдын алу шараларын жүргізу үшін ЖЖБИ симптомдары анықталғандарды АИТВ-ға тексеру мақсатында «Тұрғындар арасында АИТВ-ның алдын алу » тақырыбында семинар өткізілді.» Жамбыл облысында АИТВ жұқтырудың жаңа жағдайларының алдын алу бойынша» денсаулық сақтау басқармасының Жол картасының орындалуы туралы соның ішінде тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша облыстық ЖИТС орталығы профилактика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова баяндады. Жамбыл облысында және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық ахуал туралы эпидемиолог дәрігер Виктор Когай ақпарат берді. Облыстық тері-венерологиялық диспансердің №4 форма есебіне сәйкес 2018 жылдың 6 айында АИТВ жұқтырған 5 адам анықталған. Уақытында анықталған ауруды емдеу адамның өмірінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

АИТВ сұрақтары бойынша оқушылар арасында жұмыс басталды

Тараз қ. оқу орындары жастарының арасында АИТВ-ның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмысты облыстық ЖИТС орталығының мамандары  жаңа оқу жылының басталуымен ұштастырды. «Жастар» жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының және облыстық туберкулез диспансері мамандарының қатысуымен Тараз қ. №7-ші мектеп гимназиясының 11-ші сынып оқушылары арасында «АИТВ және ЖИТС – айырмашылығы» сонымен қатар АИТВ берілу жолдары тақырыбында сабақ өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының маманы Р.Жакенова АИТВ-ның жұғу жолдары,  алғашқы белгілері және оның алдын алу шараларын атап өтті. Облыстық туберкулез диспансерінің фтизиатр дәрігері Роза Толендиева құрт ауруының аса қауіптілігіне, аурудың симптомдарына және оны емдеу жолдарына тоқталды. Сабақ соңында «АИТВ туралы білуіңіз қажет.» атты бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды.

Оқушыларға АИТВ туралы

 

Тараз қаласының №50 орта мектебінде 7-9 сынып оқушылары арасында мектептің медбикесі ұйымдастырған облыстық ЖИТС орталығының мамандарының қатысуымен «Арыңды жасыңнан сақта» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс- шараға тиек болған әңгіме жастарға, оның ішінде жасөспірім қыз балаларға беріліп жатқан тәрбие болды. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, қыз намысын, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу және жыныстық қатынас пен ерте жүктілік туралы сөз қозғалды. Азғындық жолға түсудің аяғы түрлі аурулар, оның ішінде АИТВ жұқтыру мүмкіндігін арттыратындығы жайлы жан-жақты мағлұмат берілді. Облыстық ЖИТС орталығының педагогі Рахима Жакенова ауру анадан балаға АИТВ инфекциясының берілуінің алдын алу туралы баяндады. Қыз баланың бүгінгі алған тәлімі ата-ананың, бүкіл бір аталы рудың мерейі, қазақтай ұлттың айнасы. Сондықтан да ар мен абыройдың алдында қашанда тәрбиелі болыңдар деп аяқтады сөзін Хабиқызы Рахима. Кездесу соңында АИТВ туралы оқушылардың біліміне орталықтың социологі Мереке Бегманова сауалнама жүргізді.

Меркі ауданында орталық аудандық аурухананың медициналық қызметкерлеріне кеңестік көмек

АИТВ/ЖИТС бойынша тұрғындар арасында алдын алу іс-шараларын өткізуде әдістемелік кеңестік көмек көрсету үшін, Меркі ауданына Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері іс сапарға шықты. Дерматовенерология, гинекология,хирургия бөлімдерінің ағымдағы жылдың 9 айлық жұмыстарының қорытындысы қаралды. Орталық аудандық емхананың  алғашқы медициналық сатарлық көмек және алдын алу бөлімдерінің, скрининг кабинеттерінің, салауатты өмір салты және жастар денсаулық орталығының жұмыстарына талдау жасалды. Барлық жұмыс АИТВ-ның ерте анықталуына бағытталған, ол үшін уақытында пациенттердің АИТВ ға тексерілуін қамтамасыз ету қажет. 44 алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету медициналық қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді. АИТВ-ға тұрғындардың 10-12% скринингтен өтудің қажеттілігі жайында, Жамбыл облысында және Қазақстан Республикасында АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалы туралы ақпаратпен Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Гүлжан Калметова таныстырды. Әлеуметтік желілерде және БАҚ-да жұмысты өркендету туралы, АИТВ-ға жастардың білімін арттыру және тұрғындар арасында сауалнама жүргізуді алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова өз сөзіне тірек етті.

№2 қалалық аумақтық емханада өткізілген семинар.

             Емхананың медициналық қызметкерлері үшін  Жамбыл облыстық ЖИТС-орталығының дәрігерлері емхананың мәжіліс залында 2018ж 05 қазанында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты қызмет көрсетілетін тұрғындардың арасында аурудың алғашқы сатыларында АИТВ-инфекциясымен ауратындарды анықтау және АИТВ-инфекциясын кәсіптік жұқтырудың алдын алу.  ҚР-ның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  23.06.2015ж  № 508  «Эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштері бойынша тұлғалар АИТВ-инфекциясына міндетті жасырын медициналық тексерілу ережелерін бекіту туралы » бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық  және клиникалық көрсеткіштері бойынша пациенттерді тексеру мәселесіне инфекционист-дәрігер Г. Байдаулетова толық тоқталды. Берілген аурудың клиникалық көрсеткіштері слайдта айқын көрсетілді. АИТВ-инфекциясы бойынша Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық ахуалмен эпидемиолог-дәрігер С.Дулатбаева таныстырды. Емхананың медициналық персоналының назарына Жамбыл облыстық ЖИТС-орталығының тәжірибесінен мысалдар келтірілді. Медициналық қызметтер жүргізілу кезінде туындайтын апаттық жағдайларда жүргізілетін іс-шаралар туралы баяндалды. АИТВ-инфекциясын кәсіптік жұқтыруды болдырмау мақсатында дер кезінде постконтакттық алдын-алуды жүргізуге аса назар аударылды.

Тараз қ №2 қалалық ауруханасында өткізілген семинар.

           №2 қалалық ауруханасының мәжіліс залында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева «дәрігерлердің заң жауапкершілігі және медициналық деонтологиясы АИТВ/ЖИТС пен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау » АИТВ инфекциясын кәсіптік жұқтырудың  алдын алу тақырыбында семинар өткізілді. АИТВ инфекциясын жұқтырған аурулар анықталғанда аурухана дәрігерлерінің атқаратын іс-шараларымен таныстырылды. АИТВ-ға тексерілүге қан өткізу туралы пациентті ақпарттандырудың қажеттілігіне дәрігер-эпидемиолог толық тоқталды. АИТВ нәтижесінің бірінші сары суы серопозитивті болғанда және келесіде оң нәтижені көрсеткен жағдайда пациентпен АИТВ/ЖИТС бойынша тек ЖИТС орталығының қызметкерлері жұмысты ары қарай жалғастыруға құқылы. АИТВ инфекциясының жаңа жағдайы тіркелгенде ол адаммен психо-әлеуметтік кеңес жүргізіледі. Семинарда дәрігерлік құпияның сақталуы туралы мәселе көтерілді, заңға сәйкес дәрігерлердің жауапкершілігі айтылды. АИТВ статусы белгісіз аурулармен контакта болғанда қызметкерлердің атқаратын іс-шаралары туралы сұрақтар қойылды. АИТВ инфекциясын кәсіптік жұқтыру жағдайлары туралы және медициналық қызметкерлердің іс-шараларының алгоритмі айтылды. Әрбір болған жағдай жорналда тіркелүі  және осы мәлімет облыстық ЖИТС-орталығына хабарлануы қажет. Залалданған медициналық персонал керекті жағдайда антиретровирустық терапия курсын қабылдайды. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық базасымен аурухананың медициналық қызметкерлері таныстырылды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН   ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

                  Құрметті қазақстандықтар!


Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық.Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.  Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық.Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды. Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық және мәдени орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп, жаңа елордамыз – Астананы салдық.Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті.Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық. Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды.Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді.Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді.Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік.       Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасадым.Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналды.

Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу.2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық.Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жарияладық.Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік.Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялатады.Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз.

             Қымбатты қазақстандықтар!

Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз.Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы.«Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз.Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес.Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда.Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады.Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіндегі студенттер арасында дөңгелек үстел

2018 ж 04 қазанында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде 1 курс студенттернің қатысуымен «Салауатты өмір салтын ұстануда жастар арасында АИТВ-ға көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел ұйымдастырушысы Жамбыл облыстық қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің бас маманы Әбділда Ғабит Әлімұлы. Дөңгелек үстелге шақырылғандар Жамбыл облыстық  ішкі істер департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының аға жедел үәкілі подполковник Бауыржан Тастанбеков, «Жігер» жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Иманбекова Гүлжан Мұқан-қызы. Аталған орталықтың психологі Елена Цой. Жамбыл облыстық  ЖИТС орталығының педагогі Рахима Жакенова, облыстық наркология диспансерінің социологі Айгерім Чиканова. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының маманы  Балхаш Сарыбаева.  Сонымен қатар дөңгелек үстелге Тар МПУ педагогика факультетінің деканы Нұрпеисов Мұхамеджан Кенжетайұлы мен декан орынбасары Қожахметов Дәурен Шәймерденұлы қатысып отырды.  Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған  іс-шараның бүгінді таңда өзектілігін педагогикалық факультет деканы қорытынды сөзінде атап өтті.