Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Наркологиямен әріптестік

 

Опиоидті толықтырушы терапия мәселелерін шешу үшін облыстық ЖИТС орталығының, ҚДҚД, облыстық наркологиялық диспансер мамандарының семинары болып өтті. 

 

2018 жылдың 24 тамызында Жамбыл облыстық наркологиялық диспансердің мәжіліс залында Жамбыл облыстық ЖИТС мамандарымен ҚДҚД бірлесіп медицина қызметкерлерінің арасында “2018 жылдың 6 айында инъекциялық есірткі тұтынушы тұлғалар арасында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай” тақырыбында семинар өткізді. Бірінші мәселе бойынша ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Копбосунова А.О. сөз алды. Ол АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзара іс-әрекеттестік жоспары бойынша жыл бойы жұмыс жүргізіліп отырғанын айтып, сонымен қатар қызметкерлерді 2020 жылға қарай ҚР АИТВ-ның таралуына қарсы іс-әрекет бойынша 90-90-90 стратегиясымен таныстырды. Екінші мәселе бойынша ҚДҚД бас маманы Абдильда Г.А. барлық ведомстволардың сектораралық өзара іс-әрекеттестігі, 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы жайында мағлұмат берді.

Дәрігер-эпидемиолог Дегтерева И.И. қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы түсіндірді. Емдеу бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Байдаулетова Г.Т. науқасты АИТВ-ға клиникалық көрсетілімдері бойынша тексеру жайында айтты. Медицина қызметкерлерінің қойған сауалдарына нақты жауаптар берілді.  Бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары Каримова Г.А. қорытынды сөз айтып, баяндамашыларға алғыс білдірді.

 

ОПО медицина қызметкерлерін АИТВ туралы оқыту

Жамбыл облыстық перинаталдық орталықта АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын бойынша медицина қызметкерлеріне арналған семинар болып өтті. 

 

АИТВ-ның алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 16.08.2018ж. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен Жамбыл облыстық перинаталдық орталық “АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу” тақырыбында бірлескен семинар өткізді. Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Дулатбаева С.Ш. және Темирбекова Г.К. акушерлік-гинекологиялық және педиатрия саласының медицина қызметкерлеріне жүкті әйелдердің АИТВ-ға тест тапсыруы, АИТВ-жұқтырылған әйелдер мен олардың сәбилеріне стационарлық көмекті ұйымдастыру, босандыру тәсілдерін жүргізу, ана мен баланың АРТ профилактикасы жайында айтты. Сондай-ақ ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, кәсіби міндеттерін орындау кезінде медицина қызметкерлерінің АИТВ, ВГС, ВГВ жұқтыру қаупіне байланысты апат жағдайлары талқыланды.

 

Опиоидті толықтырушы ем

Астанада ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Л.Актаеваның төрағалығы бойынша толықтырушы терапияны қолдау бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мәжіліс болып өтті. 

 

Астана қаласының наркология және психотерапия орталығында есірткіге тәуелді адамдарды емдеумен және алдын алумен айналысатын Қазақстанның медицина қызметкерлеріне арналған семинар болып өтті. Инъекциялық есірткі тұтынушы адамдар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу қызметтерінің өзара әрекеттестігі жөнінде мәселелер және есірткі тұтынушы адамдар үшін залалды төмендету бойынша халықаралық тәжірибе мен опиоидті тәуелді науқастарға ОЗТ бағдарламасын ұсыну бойынша Семей, Қостанай қалалары мен Қарағанды облысының наркологиялық орталықтарының жұмыс тәжірибесі қаралды. 

Жер сілкінісі кезіндегі сіздің іс-әрекетіңіз

Жамбыл облыстық қызыл ай қоғамдық қоры және Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің қызметкерлері Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында 07.08.2018 жылы сағат 11.15-те осы тақырыпта семинар және тәжірибелік сабақ  өткізілді. Аталған мекеменің қызметкерлері бейнероликтер көрсете отырып Төтенше жағдайлар бойынша толық қанды ақпарат берді.

Қызыл ай қоғамының директоры Тастем О. Т. үй ішінде арналған үрейлі қол дорбаға қатысты тәжірибелік дәріс жүргізді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы қызметкерлері тәжірибелік сабақтан соң сұрақтар қойды.

АИТВ инфекциясының алдын алу туралы семинар-кеңесті өткізу

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында семинар өткізілді. Алғашқы көмек көрсету ұйымдарындағы ЖИТС-қа жауапты дәрігерлер, сенім пункті  қызметкерлері және босандыратын мекемелердегі акушер-гинекологтар семинарға қатысты

Барлығы менингит туралы

Сақ болыңыз! Менингит!

Тұрғындарға арналған жаднама

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға осы кезеңде өте сақ болуға кеңес береді:

Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта менингитпен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Сіздерден балаларыңыздың денсаулық жағдайына барынша мұқият болуды сұраймыз.

Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру, ол әртүрлі клиникалық белгілермен – симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақ сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингококк сепсисіне (қанның жұқтыруы) дейін болады.

Менингит кенеттен басталады: күтпеген жерден қатты бас ауыру, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40°С-қа жетеді, адам қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың сырқырауы байқалады. Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды. Ауру жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан өте қауіпті түрде өтетінін айта кету керек, ол тұмау, баспа, суық тию, тонзиллит және т.б. сияқты «зиянсыз» ауруларға ұқсас болады. Тоңу, ауыру, қатты шаршаудан организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай пайда болғанда менингококк бас миының қабығына тез өтеді және қабынуды тудырады.

Инфекцияның көзі науқас адамдар және «дені сау тасымалдаушылар», яғни қандай да бір клиникалық белгілер жоқ, бірақ менингококк тасымалдаушылары болып табылатын адамдар.

Менингит кезінде қандай әрекет жасау керек.

Шұғыл дәрігерге бару!!!

Аурудың әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақтылы қаралу қажет. Менингитке күдік пайда болған жағдайда пациент инфекциялық аурулар ауруханасына шұғыл емдеуге жатқызылады.

Менингиттің алдын алу үшін:

– Қажет болмаса, адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу;

– Суықтамау және ауа-райына қарай киіну керек.

– Қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін;

– Өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Жақсы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаңыздар;

– Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек.

Құрметті ата-аналар!

Балаларыңыздың денсаулығы өз қолдарыңызда!!!

Ата-аналар, біздің ұсынымдарымызды есте сақтаңыздар, басқа ата-аналармен, өздеріңіздің кәмелеттік жасқа толған балаларыңызбен және достарыңызбен осы ақпаратты бөлісіңіздер! Аурудың алдын алудың оңай екенін біліңіздер!

Менингит туралы пайдалы сілтемелер:

Менингит — это не «голова болит»: главные ошибки, приводящие к болезни:

Менингит — это не «голова болит»: главные ошибки, приводящие к болезни

Менингит: чем опасен и как защититься?

https://tengrinews.kz/article/792/

Лайфхак: как уберечься от менингита

https://www.caravan.kz/news/lajjfkhak-kak-uberechsya-ot-meningita-446068/

Что за болезнь менингит и что нужно делать, чтобы не заболеть?

https://informburo.kz/cards/chto-za-bolezn-meningit-i-chto-nuzhno-delat-chtoby-ne-zabolet.html?utm_source=facebook.com&utm_medium=story&utm_campaign=of

Как не заразиться менингококком, рассказали в минздраве

https://www.nur.kz/1734332-kak-ne-zarazitsa-meningokokkom-rasskazali-v-minzdrave.html

 

Менингитті қалай тануға болады

 

Облыстық ІІБ жеке құрамына арналған дәріс

2018 жылдың 25 мамырында облыстық ЖИТС орталығы Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің медициналық бөлімімен бірлесіп, «ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ-ның таралу жолдары мен алдын алу шаралары. АИТВ белгілері» тақырыбында дәріс өткізді. Спикерлер Садыбекова Ғалия мен Когай Виктор дәріс соңында тыңдармандардың сауалдарына жауап берді. АИТВ-ны жұқтыруға қатысты аса қауіпті жағдайларды талқылады. Таңбалау мен кемсіту жағдайлары қаралды.

Тараз қаласы № 2 қалалық ауруханада өткен семинар

2018 жылдың 24 мамырында № 2 қалалық аурухананың мәжіліс залында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері аурухананың медицина қызметкерлері үшін АИТВ-жұқтырылған науқастарды ерте кезеңде белсенді анықтау және медициналық мекемеде АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Инфекционист дәрігер Спивачевская Л.Н. аурудың таралу жолдары, сырқаттану кезеңдері, белгілері мен дисгностикасыв жайында егжей-тегжейлі баяндады. Аурудың клиникалық белгілері слайдпен түсіндірілді.

Семинардың мақсаты медициналық қол-шараларды жүргізу кезінде медицина қызметкерін АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларына оқыту болып табылады. Апатты жағдайлар мен алдын алу шараларына баса назар аударылды.

Дәрігер эпидемиолог Дулатбаева С.Ш. ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Аурухананың медицина қызметкерлерінің назарына Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының тәжірибесінен мысалдар ұсынылды.

Семинарда ҚР ДСМ 23.06.2015ж. № 508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша АИТВ-ның бас болуын міндетті медициналық зерттеп-қарау ержелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес АИТВ-ның болуына клиникалық көрсетілімдері бойынша науқастардың тексерілу мәселелері қаралды.

Әскери медицина қызметкерлеріне арналған семинар

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары ІІД бірлесіп, ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күніне орай семинар-жиын өткізді. Дәрігер эпидемиолог Когай Виктор ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, еске алу күнінің мақсат-міндеттері жайында ақпарат берді. Инфекционист дәрігер Байдаулетова Гульнара ІІД госпиталі мен емханасының медицина қызметкерлерін АИТВ/ЖИТС бойынша қолданыстағы нормативті-құқықтық құжаттармен таныстырды. Госпиталь басшысы Масиельбекова А.А. және Жамбыл облысы ІІД санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тобының жетекші маманы эпидемиолог дәрігер Керимбаев К.С. АИТВ-ның алдын алу бойынша жүргізілетін іс-шаралардың маңыздылығы мен ЖИТС орталығымен әріптестікті ары қарай жалғастыру қажеттілігі жайында айтты. Әскери қызметкерлер арасында ақпараттық жұмыс жүргізу үшін ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

 

Жоғары оқу орындарының арасында дебаттар

21 мамыр күні жастар сарайында үш жоғарғы оқу орнының арасында «Есімізде! Білеміз! Жеңеміз!» тақырыбында ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күніне орай дебаттар өткізілді. Үш команда өзара сайысқа түсіп, инфекция таралуын тоқтатудың бірден-бір жолы – АИТВ-ға мәжбүрлі тест тапсыру, АИТВ-жұқтырылған әйел бала тумауы керек, АИТВ-жұқтырылғандардың некесіне тыйым салу секілді сауалдар бойынша өз білімдерін сынға салды. Дебат барысында білімгерлердің көпшілігі сауалдарға дұрыс жауап бергендігі анықталды. Іс-шара соңында жедел-тест ұйымдастырылып, 14 білімгер тест тапсырды – нәтижелері теріс.