🔹Репродуктивті денсаулық апталығына орай Тараз қаласындағы М.Әуезов атындағы №33 мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін ерекше дәріс ұйымдастырылды. Шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г.Шамурзаева өткізді.
🔹Бұл шаралардың басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, репродуктивті денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ АИТВ мен ЖЖБИ-дің алдын алу бойынша кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
🔹Дәріс барысында оқушылар АИТВ инфекциясы туралы толық ақпарат алды: жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері және инфекцияның адам ағзасына әсері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, бейнематериал көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
🔹Сонымен қатар 18 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күні екенін атап өтті. Одан әрі «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбын қозғап, әр адамға құрметпен қараудың маңызын түсіндірді.
✅Бұл шара жасөспірімдердің жауапкершілік пен адамгершілік туралы түсінігін кеңейтті және салауатты өмір салтына бағыттады.
Оқыту
Салауатты ұрпақ – 2025 : Жастар арасында маңызды ақпараттық дәріс өтті
🔹Тараз қаласының білім бөлімінің №32 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г.Шамурзаева жоғарғы сынып оқушыларына арналған маңызды дәріс өткізді. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс әрі нақты ақпарат беру, инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білімдерін арттыру болды.
🔹Дәріс барысында психолог маман оқушыларға АИТВ инфекциясы туралы негізгі мәліметтерді ұсынып, адам ағзасына әсері және жұғу жолдары туралы жан-жақты түсіндірме жасады. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясынан қорғану жолдары мен алдын алу тәсілдері туралы маңызды ақпарат берілді.
🔹Кездесу кезінде бейнебаян көрсетіліп, арнайы дайындалған ақпараттық бүктемелер таратылды. Бұл оқушылардың тақырыпты тереңірек түсінуіне септігін тигізді.
🔹Г. Шамурзаева 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні екенін атап өтіп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбы қозғалып, әр адамға құрметпен қарау, адамгершілік құндылықтарды сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
✅Аталған іс-шара оқушылардың АИТВ/ЖИТС туралы түсінігін кеңейтіп, жауапкершілік пен әлеуметтік сананың қалыптасуына ықпал етті.
Дені сау ұрпақ – ел болашағының кепілі!
🔹Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз сервис және технология колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шара аясында “Салауатты ұрпақ – 2025” тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
🔹Семинардың негізгі мақсаты – жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) мен адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) алдын алу жөнінде кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
🔹Іс-шара барысында мамандар студенттерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, стигма мен кемсітушілік мәселелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, 18 мамыр -ЖИТС салдарынан қаза тапқандарды еске алу халықаралық күні екені атап өтілді.
✅Кездесуде студенттер мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде дәріс өтті
🔰Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М. Бегманова Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде білім алып жатқан студенттерге арнайы дәріс оқыды. Дәріс барысында ол АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат берді.
🔹Маман жастарды сақтану жолдары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушіліктің алдын алу, қоғамда түсіністік пен қолдау көрсету қажеттігі де айтылды.
✅Білімгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып бойынша нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Дүниежүзілік қол гигиенасы күні
🔹Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының қызметкерлері 5 мамыр – Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне орай түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында мамандар қол гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, дұрыс қол жуу тәсілдері көрсетілді.
Меркі ауданында педагог-психологтар мен оқушыларға АИТВ-ның алдын алу жөнінде оқыту семинары өтті
🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары Меркі ауданындағы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында арнайы семинар ұйымдастырды. Іс-шара екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде мектеп ұстаздары мен педагог-психолог мамандарына арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында мамандар АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу әдістері және психологиялық қолдаудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.
🔹Екінші кезеңде жоғарғы сынып оқушыларына ақпараттық-ағартушылық іс-шара ұйымдастырылып, жастар арасында АИТВ туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, стигма мен дискриминацияны болдырмау мәселелері талқыланды. Оқушыларға АИТВ-дан сақтану жолдары, қауіпсіз мінез-құлық негіздері және денсаулықты сақтау мәдениеті жөнінде кеңестер берілді. Іс-шара барысы сұрақ-жауап, пікір алмасу түрінде ұйымдастырылды.
✅Бұл семинардың негізгі мақсаты – АИТВ-инфекциясының алдын алу, жастарды ақпаратпен қамтамасыз ету және мектептердегі алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ мұғалімдер мен психологтардың білімін жетілдіру арқылы қауіптің алдын алуға ықпал ету болды.
Рельс дәнекерлеу кәсіпорнында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-ағарту шарасын өтті
🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Т.Рысқұлов ауданында орналасқан
🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Т.Рысқұлов ауданында орналасқан Рельс дәнекерлеу кәсіпорнында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-ағарту шарасын өткізді. Аталған кәсіпорын вахталық әдіспен жұмыс істейтін, шамамен 300 адамды жұмыспен қамтып отырған ірі өндірістік нысан болып табылады.
🔹Шара барысында орталық мамандары қызметкерлерге АИТВ инфекциясы туралы жан-жақты ақпарат беріп, аурудың берілу жолдары, алдын алу шаралары және ерте анықтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері де қозғалды. Қатысушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.
✅Мақсат – жұмысшылардың АИТВ туралы білім деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және инфекцияның таралуының алдын алу.
кізді. Аталған кәсіпорын вахталық әдіспен жұмыс істейтін, шамамен 300 адамды жұмыспен қамтып отырған ірі өндірістік нысан болып табылады.
🔹Шара барысында орталық мамандары қызметкерлерге АИТВ инфекциясы туралы жан-жақты ақпарат беріп, аурудың берілу жолдары, алдын алу шаралары және ерте анықтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері де қозғалды. Қатысушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.
✅Мақсат – жұмысшылардың АИТВ туралы білім деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және инфекцияның таралуының алдын алу.
🔰АИТВ инфекциясын алдын алу – жастар денсаулығының кепілі
🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары Т.Рысқұлов ауданында орналасқан Құлан агротехникалық жоғары колледжі студенттеріне арналған ақпараттық семинар ұйымдастырды.
🔹Іс-шараның басты мақсаты – АИТВ-инфекциясының алдын алу, жұқпадан сақтану жолдарын үйрету, сондай-ақ жастар арасында ақпараттық-ағартушылық жұмыстың маңыздылығын арттыру болды. Семинар барысында студенттерге АИТВ туралы нақты мәліметтер беріліп, жұқпаның таралу жолдары мен сақтану амалдары түсіндірілді.
✅Семинарда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева мен психолог М. Бегманова баяндама жасап, жастармен ашық сұхбат форматында пікір алмасты. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, психологиялық қолдау көрсету мәселелері де қозғалды.
🔰Т. Рысқұлов ауданында педагогтер мен мектеп психологтарына АИТВ-ның алдын алу жөнінде оқыту семинары өтті
🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары Т. Рысқұлов ауданындағы Алихан Бөкейхан атындағы білім ордасында арнайы семинар ұйымдастырды. Шара мектеп ұстаздары мен психолог мамандарына арналды. Негізгі мақсат – АИТВ-инфекциясын алдын алу , сақтану амалдарын үйрету және ақпараттық-ағартушылық жұмыстың рөлін арттыру болды.
🔹Семинарда эпидемиолог маман С. Дулатбаева мен психолог М. Бегманова қатысып, тыңдаушыларға АИТВ-ның қазіргі таралу беталысы, жұғу жолдары мен себептері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, аурудың алдын алу жолдары да кеңінен түсіндірілді.
🔹Сара Шадиярбекқызы елімізде және Жамбыл өңірінде АИТВ деректерінің өсу динамикасын баяндап, әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасындағы таралу үрдісіне тоқталды. Ол алдын алу бағытындағы жұмыстарды жандандырудың, ата-аналар мен педагогтердің жастарға түсіндіру барысында белсенді болуларының маңызын ерекше атап өтті.
🔹Психолог Мереке Сәбитқызы жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқуларды ерте кезеңде байқау, оларды қоғамға бейімдеудің жолдары және қауіпті жыныстық мінез-құлықтың астарында жатқан психологиялық себептер туралы айтты. Сондай-ақ, ол мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қолдануға болатын нақты тәсілдер мен ұсыныстармен бөлісті.
✅Семинар соңында қатысушыларға ақпараттық-ағарту парақшалары үлестірілді.
№13 орта мектебінде дәріс өтті
🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева Тараз қаласының білім бөлімінің №13 орта мектебінің оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өтті.
✅Дәріс барысында орталық маманы оқушыларға АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» толық ақпарат берді. Сонымен қатар АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық-ағарту парақшалары үлестірілді.