Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде дәріс өтті

🔰Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М. Бегманова Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде білім алып жатқан студенттерге арнайы дәріс оқыды. Дәріс барысында ол АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат берді.

🔹Маман жастарды сақтану жолдары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушіліктің алдын алу, қоғамда түсіністік пен қолдау көрсету қажеттігі де айтылды.

✅Білімгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып бойынша нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

Дүниежүзілік қол гигиенасы күні

🔹Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының қызметкерлері 5 мамыр – Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне орай түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында мамандар қол гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, дұрыс қол жуу тәсілдері көрсетілді.

Меркі ауданында педагог-психологтар мен оқушыларға АИТВ-ның алдын алу жөнінде оқыту семинары өтті

​ 🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары Меркі ауданындағы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында арнайы семинар ұйымдастырды. Іс-шара екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде мектеп ұстаздары мен педагог-психолог мамандарына арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында мамандар АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу әдістері және психологиялық қолдаудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.

🔹Екінші кезеңде жоғарғы сынып оқушыларына ақпараттық-ағартушылық іс-шара ұйымдастырылып, жастар арасында АИТВ туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, стигма мен дискриминацияны болдырмау мәселелері талқыланды. Оқушыларға АИТВ-дан сақтану жолдары, қауіпсіз мінез-құлық негіздері және денсаулықты сақтау мәдениеті жөнінде кеңестер берілді. Іс-шара барысы сұрақ-жауап, пікір алмасу түрінде ұйымдастырылды.

✅Бұл семинардың негізгі мақсаты – АИТВ-инфекциясының алдын алу, жастарды ақпаратпен қамтамасыз ету және мектептердегі алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ мұғалімдер мен психологтардың білімін жетілдіру арқылы қауіптің алдын алуға ықпал ету болды.

Рельс дәнекерлеу кәсіпорнында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-ағарту шарасын өтті

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Т.Рысқұлов ауданында орналасқан

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Т.Рысқұлов ауданында орналасқан Рельс дәнекерлеу кәсіпорнында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-ағарту шарасын өткізді. Аталған кәсіпорын вахталық әдіспен жұмыс істейтін, шамамен 300 адамды жұмыспен қамтып отырған ірі өндірістік нысан болып табылады.

🔹Шара барысында орталық мамандары қызметкерлерге АИТВ инфекциясы туралы жан-жақты ақпарат беріп, аурудың берілу жолдары, алдын алу шаралары және ерте анықтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері де қозғалды. Қатысушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

✅Мақсат – жұмысшылардың АИТВ туралы білім деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және инфекцияның таралуының алдын алу.

кізді. Аталған кәсіпорын вахталық әдіспен жұмыс істейтін, шамамен 300 адамды жұмыспен қамтып отырған ірі өндірістік нысан болып табылады.

🔹Шара барысында орталық мамандары қызметкерлерге АИТВ инфекциясы туралы жан-жақты ақпарат беріп, аурудың берілу жолдары, алдын алу шаралары және ерте анықтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері де қозғалды. Қатысушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

✅Мақсат – жұмысшылардың АИТВ туралы білім деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және инфекцияның таралуының алдын алу.

🔰АИТВ инфекциясын алдын алу – жастар денсаулығының кепілі

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары Т.Рысқұлов ауданында орналасқан Құлан агротехникалық жоғары колледжі студенттеріне арналған ақпараттық семинар ұйымдастырды.

🔹Іс-шараның басты мақсаты – АИТВ-инфекциясының алдын алу, жұқпадан сақтану жолдарын үйрету, сондай-ақ жастар арасында ақпараттық-ағартушылық жұмыстың маңыздылығын арттыру болды. Семинар барысында студенттерге АИТВ туралы нақты мәліметтер беріліп, жұқпаның таралу жолдары мен сақтану амалдары түсіндірілді.

✅Семинарда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева мен психолог М. Бегманова баяндама жасап, жастармен ашық сұхбат форматында пікір алмасты. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, психологиялық қолдау көрсету мәселелері де қозғалды.

🔰Т. Рысқұлов ауданында педагогтер мен мектеп психологтарына АИТВ-ның алдын алу жөнінде оқыту семинары өтті

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары Т. Рысқұлов ауданындағы Алихан Бөкейхан атындағы білім ордасында арнайы семинар ұйымдастырды. Шара мектеп ұстаздары мен психолог мамандарына арналды. Негізгі мақсат – АИТВ-инфекциясын алдын алу , сақтану амалдарын үйрету және ақпараттық-ағартушылық жұмыстың рөлін арттыру болды.
🔹Семинарда эпидемиолог маман С. Дулатбаева мен психолог М. Бегманова қатысып, тыңдаушыларға АИТВ-ның қазіргі таралу беталысы, жұғу жолдары мен себептері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, аурудың алдын алу жолдары да кеңінен түсіндірілді.
🔹Сара Шадиярбекқызы елімізде және Жамбыл өңірінде АИТВ деректерінің өсу динамикасын баяндап, әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасындағы таралу үрдісіне тоқталды. Ол алдын алу бағытындағы жұмыстарды жандандырудың, ата-аналар мен педагогтердің жастарға түсіндіру барысында белсенді болуларының маңызын ерекше атап өтті.
🔹Психолог Мереке Сәбитқызы жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқуларды ерте кезеңде байқау, оларды қоғамға бейімдеудің жолдары және қауіпті жыныстық мінез-құлықтың астарында жатқан психологиялық себептер туралы айтты. Сондай-ақ, ол мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қолдануға болатын нақты тәсілдер мен ұсыныстармен бөлісті.
✅Семинар соңында қатысушыларға ақпараттық-ағарту парақшалары үлестірілді.

№13 орта мектебінде дәріс өтті

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева Тараз қаласының білім бөлімінің №13 орта мектебінің оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өтті.
✅Дәріс барысында орталық маманы оқушыларға АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» толық ақпарат берді. Сонымен қатар АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық-ағарту парақшалары үлестірілді.

АИТВ-инфекциясының  алдын алу мақсатында  облыстық  семинар өтті

Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні  Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен «Жамбыл облысындағы 2024 жылғы және 2025 жылдың 3 айындағы жүкті әйелдер мен жүкті әйелдердің  жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру мен АИТВ-инфекциясының анадан балаға вертикальді жолмен берілуінің алдын алу жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – өңірде АИТВ-инфекциясының таралуына жол бермеу, әсіресе оның анадан балаға вертикальді жолмен берілуін алдын алу шараларын жетілдіру. Бұл бағытта жүкті әйелдер мен олардың серіктестерін ерте кезеңде тексеріп, қажет жағдайда уақтылы медициналық көмек көрсету – ана мен баланың денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі болып табылады.

Семинарға қалалық, аудандық емдеу алдын алу мекемелерінің әйелдер консультациясының меңгерушілері, ЖТД (ВОП) меңгерушілері, АИТВ-инфекциясына жауапты әйелдер консультациясы дәрігерлері мен бастапқы медициналық санитарлық көмек, перзентхана бөлімдерінің медициналық қызметкерлері қатысты.

Семинар жұмысын Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық және алдын алу бөлімінің м.а. меңгерушісі Г.Ахметова ашып, семинардың маңыздылығын түсіндірді. Келесі кезекте орталықтың эпидемиолог дәрігері Д.Абдраманова АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы мен инфекцияның вертикальді жолмен берілу қаупі туралы айтып өтті. Инфекционист-дәрігер Г.Темірбекова АИТВ-мен өмір сүретін жүкті әйелдерге антиретровирустық терапияны тағайындау және жүргізу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, зертхана бөлімінің маманы Б.Жапанова АИТВ-инфекциясын ерте диагностикалау мен жүкті әйелдерге тестілеу жүргізу алгоритмдері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинар барысында қатысушыларға АИТВ-инфекциясының ерте анықталуы, профилактикалық және емдік шаралар, босанғаннан кейінгі бақылау және ана мен балаға ұзақ мерзімді медициналық сүйемелдеу бойынша кешенді ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, нақты клиникалық жағдайлар негізінде тәжірибе алмасу, пікірлесу, сұрақ-жауап форматында өзекті мәселелерді талқылау ұйымдастырылды.

Оқыту семинары «АИТВ және ілеспе аурулармен өмір сүретін адамдарды емдеу мәселелері» 29.04.2025г.

 

29.04.2025 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Т.Рыскулов аудандық орталық ауруханасында «АИТВ және ілеспе аурулармен өмір сүретін адамдарды емдеу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).

64 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Байдаулетова Г.Т. өткізді. Сертификат нөмірлері 410-ден 473-ге дейін.

Оқыту семинары «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» 28.04.2025 ж.

28.04.2025 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Т.Рыскулов аудандық орталық ауруханасында «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).

64 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Байдаулетова Г.Т өткізді. Сертификат нөмірлері 451-ден 514-ге дейін.