Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

COVID-19-ға қарсы вакциналарды жеткізу

2021 жылдың 1 ақпанынан 28.01.2022 жылға дейін облысқа COVID-19-ға қарсы вакцинасының 7 түрінің 1 650 170 дозасы жеткізілді:

– QazCovid-in (Қазақстан) 153 290 адамға 306 580 доза.

– Спутник V (Ресей) – 421 795 адамға 843 590 доза.

– Спутник Лайт (Ресей) – 10 000 доза.

– Coronavac (Қытай) – 17000 адамға 34000 доза.

– Hayat Vax (БАӘ және ҚХР)- 30 000 адамға 60 000 доза.

– Vero Cell Синофарм (Қытай)- 81 000 адамға 162 000 доза.

– Pfizer (АҚШ) – 117 000 адамға 234 000 доза.

18 жастан асқан адамдарды COVID-19-ға қарсы 2 рет вакцинациялау үшін Спутник V, QazCovid-in, Coronavac, Hayat Vax, Vero Cell-Синофарм 1 және 2 компоненті пайдаланылады.

Комирнати – Pfizer вакцинасы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүктіліктің 16 – 37 аптасындағы жүкті әйелдерді және баланың 2 жасқа дейінгі емізетін әйелдерді 2 рет вакцинациялау үшін қолданылады. Ревакцинация үшін QazCovid-in, Vero Cell – Синофарм, Спутник Лайт және Pfizer қолданылады. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының медицина қызметкерлерін вакцинациялаумен қамту көрсеткіші тиісті контингенттің 100%-ын құрайды ( сол кезде жүкті және бала емізетін әйелдер, созылмалы ауруы бар қызметкерлер вакцинациялауға жатпады). Ревакцинация компаниялары сәтінен бастап тиісті медициналық қызметкерлердің 97-і ревакцинациядан өтті (қалған қызметкерлер уақыт өте келе  ревакцинация алады).