Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Гвардейск» әскери қалашығының медициналық қызметкерлеріне әдістемелік көмек

Тұрғындардың арасында алдын алу іс шараларын жүргізу бойынша және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Гвардейск» қалашығының дәрігерлік амбулаториясына Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия іс сапармен барып қайтты. Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысы бойынша АИТВ/ЖИТС- тің эпидемиологиялық жағдайы туралы, АИТВ ға тұрғындарды тестілеу, тестілеу түрлері, емдеу және уақытылы ем қабылдау, АИТВ- мен өмір сүретін адамдарды кемсітпеу жайында толық ақпарат берілді. Сонымен қатар АИТВ біліміне медициналық қызметкерлерге сұрақнама жүргізіліп, АИТВ- ның алдын алу шаралары және жұғу жолдары туралы әскери қызметкерлерге дәріс оқылды. Ерікті, жасырын негізде жедел тест әдісімен АИТВ ға талдау жасалды, барлық сұрақтарға толық және жүйелі жауаптар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған