Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жасөспірімдерді АИТВ-дан сақтандыруда ата-ананың рөлі.

Ағымдағы жылдың 25-ші қыркүйегінде №30-шы мектеп-гимназиясының ата-аналар жиналысына Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогі Жакенова Рахима қатысқан болатын. Ондағы мақсатымыз ата-аналарға АИТВ-ның алдын алу шаралары және жұғу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жасөспірімдерді АИТВ-дан сақтандыруда ата-ананың рөлі ерекше. АИТВ-ның алдын алу жұмыстары мұғалімдер мен ЖИТС орталығы мамандарының ғана емес сонымен қатар ата-аналардың да міндеті. Олай болса ұрпақ, ұлт, халық алдындағы жауапкершілік ата-аналарға да жүктеледі. Сондықтан жанұя жағдайындағы жыныстық тәрбие тақырыбы қызу талқыланды. Мектеп-гимназия директоры Есеева Рахия ата-ананың міндеті балалардың іс-қимылына бақылау жасап, олардың күнделікті әкелген ақпаратын бөлісіп, талдау жасап отыруы қажет екендігін ескертті. Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологі Дөненбаева Әсел бала денсаулығына психотропты заттардың әсері туралы мағлұмат берді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған