Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ жұқпасы туралы өндірісте жұмыс істейтін халыққа.

Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған іс-шаралар аясында Жамбыл «Запчасть» АҚ-ның кәсіпорнында осы және ЖШС «Intersteel company» кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары, алдын алу бөлімінің эпидемиолог-дәрігерлері Турана Мамедова, Қызжібек Аушенова және алдын алу бөлімінің эпидемиолог көмекшісі Эльмира Ташкараева іс-шараны ұйымдастырды.

Кездесуге 30-дан астам қатысушылар АИТВ қайтыс болған адамдарды еске алудың Халықаралық күні туралы ақпарат алды. Бұл адамдардың назарын АИТВ, ЖИТС мәселесіне аударуға, хабардарлықты арттыруға және құрбандарды еске алуға арналған маңызды күндердің бірі.Спикерлер тыңдаушыларды АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу әдістері туралы хабардар етті.

Кездесу барысында қатысушылар көптеген сұрақтар қойды, оларға құзіретті жауаптар берілді.

Іс-шара соңында мамандар кәсіпорын қызметкерлерін АИТВ жұқпасына жедел тестілеу рәсімін өтуге шақырды. Барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған