Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облыстық ауруханасындағы семинар

2015 жылдың 11 қарашасында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы дәрігер-эпидемиолог С.Ш.Дулатбаева Жамбыл облыстық ауруханасының медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Семинар мақсаты: семинарға қатысушыларды АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу шараларына үйрету, дәрігерлердің назарын аурудың ерте кезеңдерінде анықтауға аудару, сондай-ақ АИТВ өмір сүретін адамдарды әлеуметтік-құқықтық қорғаумен таныстыру.
ЖИТС-пен күрес жөніндегі Жамбыл облыстық орталығының эпидемиолог-дәрігері С.Ш.Дулатбаева ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. Семинарда «Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдардың АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ және ӘД 23.06.2015 ж. №508 бұйрығына сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша пациенттерді тексеру мәселелері толық қаралды. АИТВ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін оппортунистік аурулары бар адамдарды міндетті құпия медициналық тексеруге ерекше назар аударылды.
Медициналық манипуляцияларды жүргізу барысында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың үлгілері егжей-тегжейлі қарастырылды.Төтенше жағдайдың әрбір түрі үшін тиісті іс-шаралар ұсынылды.Тыңдаушылардың назары АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу мақсатында жүргізілген бақылаудан кейінгі алдын алуды дереу жүргізуге, кейіннен ЖИТС ОО мамандарына кеңес бере отырып, төтенше жағдайларды тіркеу журналында жарақаттар жағдайларын есепке алуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда антиретровирусқа қарсы терапия жүргізуге баса назар аударылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған