Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы онлайн – семинар

2020 жылғы 25 қарашада Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы дәрігер-эпидемиолог С.Ш. Дулатбаева Жамбыл облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлеріне онлайн-семинар өткізді.
Семинарға қатысушылар Қазақстандағы және Жамбыл облысының аумағындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырылды, АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының өсу қарқыны бойынша деректер ұсынылды. АИТВ-инфекциясының кезеңдері, механизмдері, берілу жолдары және инфекцияны жұқтыру қаупі. ҚР ДСМ және ӘДМ 23.06.2015 ж. №508 бұйрығына сәйкес пациенттерді АИТВ-инфекциясының бар-жоғына тексерудің клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері жарияланды. АИТВ инфекциясын аурудың ерте сатыларында анықтау мақсатында «Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдардың АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы». Сондай-ақ, АИТВ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін ЖИТС-индикаторлық аурулар айтылды.
Кәсіби АИТВ-жұқпасының алдын алу шаралары бойынша мамандарды даярлауға ерекше назар аударылды. Медициналық процедуралар кезінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың модельдері қарастырылады. Төтенше жағдайдың әр түрі үшін тиісті шаралар ұсынылды. Тыңдаушылардың назары кәсіптік АИТВ инфекциясын болдырмау мақсатында жүргізілген байланыстан кейінгі жедел профилактикаға, Облыстық ЖИТС мамандарымен кеңесіп, төтенше жағдайларды тіркеу журналына жарақат алу жағдайларын тіркеуге, қажет болған жағдайда антиретровирустық терапияға бағытталды.
Аурухананың медициналық қызметкерлері АИТВ/ЖИТС қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық базамен таныстырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған