Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Облыстық онлайн семинар-кеңес.

2020 жылдың 30 қыркүйегінде Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында фельдшерлік-акушерлік мекемелер мен қаланың және облыстың БМСК арасында «АИТВ-жұқтырған анадан балаға АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында аймақтық онлайн-семинар өткізілді. Бас дәрігердің орынбасары О.Ж.Абдикеримова кіріспе сөз сөйлеп, семинар тақырыбының маңыздылығын көрсетіп, семинарға қатысушылармен амандасты. Тақырып бойынша презентациямен: «Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. 90-90-90 стратегиясы. АИТВ бойынша қолданыстағы құқықтық актілер. Жүкті әйелдерге АИТВ тестілеу кодтарын тағайындау ережелері», АИТВ қарсы күрес бөлімінің меңгерушісі И.И.Дегтерева жүкті әйелдердің АИТВ тестілеуіне тест кодтарын берудің ерекшеліктерін атап өтті.

Сондай-ақ, балалар инфекционисті Г.К.Темірбекова «АИТВ-инфекциясының АИТВ-жұқтырған анадан балаға берілуінің алдын алу. Ересектер мен балалардағы АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеудің 11.06.2020 ж. №97 Хаттама» АИТВ-инфекциясының анадан балаға алдын алудың маңызды мәселелеріне тоқталды. Семинарға қатысушылар баяндамашыларға АИТВ-инфекциясы бойынша алдын алу жұмыстарын жақсарту мақсатында қойылған міндеттері мен мазмұнды презентациялары үшін алғыс білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған