Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Жанұя» Медициналық орталығының қызметкерлеріне консультативтік көмек»

     2020 жылдың 06 қарашасында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Тараз қаласының емханалық қызметінің медицина қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша консультативтік көмек көрсетті.
Дәрігер-эпидемиолог И. Досымова №8 стационарлық сенім пунктінің жауапты қызметкерімен алдын-алу бағдарламасына, шығын материалдарын тарату нормативіне және есептілікті жүргізуге инъекциялық есірткіні қолданатын жаңа тұлғаларды тарту және қамту бойынша кеңес өткізді. Сондай-ақ, ол нарколог, дерматолог, скрининг және психологтар кабинеттерінде, отбасын жоспарлау кабинетінде дәрігерлермен халық арасында АИТВ-ның алдын алу, кеңес беру негіздері бойынша мәлімет берді. Сауалнама 61,2% қамтумен өткізілді.
Дәрігер-эпидемиолог С. Дулатбаева клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша халықты АИТВ инфекциясына тексеруді реттейтін нормативтік құжаттармен таныстырды, байланыстан кейінгі алдын алу, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде АИТВ жұқтырудың алдын алу туралы айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған