Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖИТС ғасыр дерті – оны жою болашақтың міндеті

2019 жылдың 12-ші желтоқсанында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «ЖИТС ғасыр дерті – оны жою болашақтың міндеті» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Биология пәнінің оқытушысы Асанова Нуризат АИТВ/ЖИТС ауруының өзектілігіне және жасөспірімдердің ағзасына тигізетін әсері туралы ақпарат берді. Студенттер арасында АИТВ-ның жұғу жолдары бойынша және «Қорғаныш костюмі» тақырыбында тренинг өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы Жакенова Рахима Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің мақсаты жайында және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек, қолдау көрсетіп, оларға ынтымақтастық бідіру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттермен кездесудің соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған