Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС туралы өткізілген дәріс

Осы жылдың 6-шы желтоқсанында Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Қоғамдастықтың маңызы бар» тақырыбында дәріс өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия әлемде, Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысында АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалына қысқаша тоқталып өтті. Тақырыптың оңтайлы жеткізілуінің арқасында қызметкерлер дәріске қызығушылық танытып, белсенділік көрсетіп отырды. Сонымен қатар Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясының мақсаты мен АИТВ/ЖИТС-ке қатысты сұрақтарға толық қанды жауаптар берілді. Дәріс соңында бүктемелер таратылып, өз еркімен 11 адам АИТВ-ға жедел тестен өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған