Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күнін неге атап өту керек ?

16 мамыр күні қала маңында орналасқан «Ақбұлым» елді мекеніндегі №60 орта мектебінде 8-10 сынып оқушыларымен Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған кездесу өтті.
– Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күні бұл өмірден озған адамдарды еске алатын, біздің махаббатымыз бен қамқорлығымыз тірі адамдарға қажет екенін ұғындыратын күн,- деді
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының (ОЖИТСО) педагогы Жакенова Рахима. Бұл күн ЖИТС індетінің барлығына әсер етуі мүмкін екендігі туралы ойландырады. Сонымен қатар, салауатты өмір салтына, адами құндылықтарды растауға және осындай құбылыстардан бас тартуға, есірткіге, зорлық-зомбылық пен маскүнемдікке қарсы тұруға талпындырады. Аурумен күресуде бірлесе отырып күш салу ғана нәтижелі болады. Адамдырдың одан да көп жұқтыруына жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған