Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Педагогикалық университет студенттерімен кездесу

19 қарашада Тараз қаласының мемлекеттік педагогикалық университетінің жатақханасында тұратын студенттермен кездесу өткізілді. Карантин кезінде қашықтықтан оқыту жағдайында облыстың алыс аудандарынан келген студенттер бар, олар қалада қалып, пәндерді өздері оқиды. Жамбыл облыстық ЖИТС және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары білім беру мекемелерінің басшылығымен бірге Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күніне АИТВ-жұқпасының алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстары және АИТВ туралы білуге арналған викториналар, ақысыз, ерікті жедел-тестілеу жұмыстары жүргізілуде. Викторинаның жеңімпаздары салауатты өмір салты қорының сыйлықтарымен марапатталды. Оқытушылар Жакенова Рахима мен Сарыбаева Балқаш студенттердің АИТВ ғана емес, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, тері аурулары, стигма мен дискриминация туралы көптеген сұрақтарына жауап берді.

     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған